Онлайн газет



БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХ сессиясы болып өтті. Аталмыш сессияның күн тәртібінде «2018 – 2020 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №23 – 7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Аудандық мәслихаттың хатшысы Нұржан Тлеповтің төрағалығымен өткізілген кезектен тыс сессия барысында күн тәртібіне шығарылған мәселеге қатысты аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбековтың баяндамасы назарға алынып, аталмыш шешімге бірқатар өзгерістер енді.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында күн тәртібіне шығарылған мәселе алдын ала талқылаудан өткендіктен, отырыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныс, ескертпелер айтылмады.
Сессия жұмысына аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев, ауылдық округ әкімдері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ.
"Ауыл жаңалығы".

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін337
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада337
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39338
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246724

Серіктестер