Онлайн газет



МЕНИНГОКОКК ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Аудан аумағында 2018 жылдың 5 айы мерзімінде менингококк инфекция-сының эпидемиоло-гиялық жағдайы тұрақты. Өткен мерзімде облыс бойынша менингококк инфекция-сының бір жағдайы ғана қаңтар айында тіркелсе, өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.

Менингиттің эпидемиологиялық кезеңіне байланысты облыста әрбір аудан аумағында сырқаттанушылық көрсеткіштеріне, эпидемиялық маңызды нысандардың (ашық су қоймалары, ағын сулар, бассейн, фонтандар) санитариялық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Менингококкты инфекция – ми мен жұлынның қабынуы. Жұқпа көзі – науқас адам немесе бактерия тасымалдаушы. Берілу жолдары: науқаспен немесе бактерия тасымалдаушымен қатынас болған кезде, ауаны-тамшылы жолмен, тұрмыстық-қатынас, ыдыс-аяқ, ойыншықтар мен тағам, жуылмаған жеміс-жидек, көкөністер, ашық су қоймалары немесе фонтандарда шомылу арқылы.
Алдын алу шаралары: иммунитетті нығайту (шынығу, физикалық жүктемелер, серуендеу), ауыз су ретінде тек қайнатылған немесе арнайы бөтелкелердегі суды пайдалану, көкөністерді, жеміс-жидектерді таза сумен жуу, әсіресе, балаларға тамақ берер алдында оларды қайнаған сумен жидіткен жөн, жеке бас гигиена ережелерін сақтау, қолды жуу, баланың далада аузына ештеңе салмауын қадағалау, энтеровирус ауруының белгілері пайда болған адаммен қарым-қатынаста болмау, тыйым салған жерлерде шомылмау.
Ең маңыздысы – өз бетімен емделмеу, ауру белгілері білінген сәтте дәрігерге қаралу қажет.
Менингитке қарсы жоспарлы егу Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілмегендіктен жүргізілмейді. Менингитке қарсы екпе алу тек Сауд Аравияға қажылыққа ниет етушілер үшін ғана міндетті болып табылады. Біздің облыста қажылыққа ниет етушілерге екпе салу тек Рамазан айы аяқталғаннан кейін қалалық № 1 емханасында ұйымдастырылып, жүргізілетін болады.

Гүлнұр БАЙГАБЫЛОВА,  
аудандық қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін906
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада906
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39907
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247293

Серіктестер