Онлайн газет



Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні  мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы, Отанға деген сүйіспеншілікті әрбір жүрекке ұялататын елдің нышандары. Аспан түстес Туымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей күш-қуатымызды танытса, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды биіктетіп келеді. «Менің Қазақстаным» атты Гимніміз әрбір қазақстандықтың жүрегін елжіретіп, бірлік пен татулыққа үндеуде.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді»,- деп айтқан еді. Сондықтан еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеу, асқан сүйіспеншілікпен әспеттеу - әрбір азаматтың борышы деп білемін. Өйткені олар  тәуелсіз елдің ең киелі құндылықтары.
Қымбатты аудан тұрғындары!
Мемлекеттік рәміздер - бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибуттарының бірі. Тәуелсіз еліміздің азаттығын айғақтап, бейбіт тірлігін, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін рәміздер осынысымен құнды. Ендеше, ұлт тұтастығы мен мызғымас бірлігінің кепілі саналатын Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын. Бүгінгі мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Еліміздің мәртебесі биік, беделі үстем болсын.

Рахматілдә Рахманбердиев,
аудан әкімі.

Обновлено 04.06.2018 15:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін443
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада443
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39444
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246830

Серіктестер