Онлайн газет



Талап қатайып келеді

Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарына сай әзірлеу талаптары, мемлекеттік рәміздер мен олардың бейнелері қамтылған материалдық нысандарды орналастыру ережелері мен құрмет көрсету жайы егжей-тегжейлі семинарда айтылды.

Семинарды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Иманова ашып, тәуелсіз еліміздің мәртебесін биіктетуде мемлекеттік рәміздердің алатын орнын атап өтті. Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының бас маманы Жанболат Нұрмолдаұлы Мемлекеттік рәміздерді ұлттық стандарттар мен заңнама талаптарына сәйкес орналастыру, қолдану тәртібі,  рәміздердің бірдеңгейлігін сақтау, орналастыру стандарты бұзылған жағдайда қолданылатын шаралар турасында айтып берді. Жыртылған, тозған Туларды жою, рәміздерді қорлаған азаматтар жауапкершілікке тартылатындығын, ең бастысы- әрбір азамат Елтаңба, Гимн, Туды құрмет тұтуға міндетті екендігін, нышандардың мемлекет тарапынан қорғалатындығын жеткізді.
Баяндамашы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдану барысына зерделеу жұмыстары жүргізіліп тұратындығын, жіберілген олқылықтар бойынша тиісті шара қолданылатындығын айтты.
Ашық пікір алмасу аясында өткен семинар соңында туындаған сауалдарға жауаптар берілді.

Гүлшахар Әбдіқұлова,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 04.06.2018 15:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін528
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада528
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39529
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246915

Серіктестер