Онлайн газет



Елдігіміздің белгісі

Рәміз - халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгі боп саналады. Кез-келген мемлекеттің көркейіп, гүлденуі сол мемлекеттің төл рәміздеріне деген құрмет сезімінен өрбиді.
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-інде Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. 
Елімізде 4 маусымда осы мерекені барлық жерде республика халқы ресми түрде атап өтеді. Барша ұжым біркісідей Әнұранды шырқап, нағыз отансүйгіштіктің белгісін көрсетеді. Мемлекеттік рәміздер елге, туған жер мен Отанға деген терең сүйіспеншілікті қалыптастырады.Сондықтан елдіктің нышаны-рәміздер біздер үшін қымбат та қастерлі.
«Егеменді еліміздің қасиетті нышандарын қадірлеу – Қазақстанды Отаным деп есептейтін әрбір азаматтың парызы. Оларды сақтап, қорғауға – Ұлы Даламызда кіндік қаны тамған жанның барлығы міндетті деген болар едім. Өйткені рәміздер – біздің ұлттық арымыз бен намысымыз. рәміздер мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді. Қашанда Елбасы аман болып, Әнұранымыз жеңісті де, жемісті күндерде шырқалып, көк Туымыз әлемдік жетістіктерде желбірей бергей.

Нұргүл Аманбаева,
«Ауыл жаңалығы».

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін754
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада754
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39755
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247141

Серіктестер