Онлайн газет



ЕЛОРДАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Ұлы дала ордасы - Астана қаласының 20 жылдығына орай, мәдениет қызметкерлерінің арасында тұңғыш рет «Мәдениетім - өнерім мен өмірім» атты көңілді тапқырлар алаңы ойыны ұйымдастырылды.

Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйі әдіскерлерінің мұрындық болуымен өткен сайысқа  «Шолпан» ән-би ансамблінен жасақталған «Әулиелер», «Шахан» халық театры әртістерінен құралған «Қазақша стиль», ауылдық клуб меңгерушілерінен топтасқан «Тәтті шәй» және техникалық қызметкерлерден тұратын «Ойнап айтам» топтары  қатысып, үш аталым бойынша бақ сынасты. Топ мүшелері өздерін таныстырды, жұрты елең еткізетін 5 жаңалықпен таң қалдырды, мәдениет қызметкерлерінің бір жұмыс күні қалай өтетіндігінен көрініс көрсетті.
Шара барысында сөз алған “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова “мәдениет-мәңгілік, өнер-өміршең. Кез келген мемлекеттің, қоғамның қалыптасуы мен дамуына мәдениеттің қосатын үлесі салмақты. Мәдениет - адамзатты тұлға деңгейінде қалыптастыратын негізгі құрал, өнер- мәдениеттің алтын қазынасы”,-дей келе,  мәдениет қызметкерлері арасында шынайы бәсекелестікті ояту,  шығармашылық ізденістегі дарынды кәсіп иелерін марапаттау, олардың кәсіби шеберлігін арттыруды мақсат еткен шараның маңыздылығына тоқталды.  Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған бәсекеде өнерімен дараланған мәдениет қызметкерлерінің кез келгені марапатқа лайық екендігін атап өтіп, жүлдегерлерге Алғыс хаттар пен бағалы сыйлықтарды табыстады.
Әділқазылар алқасының шешімімен «Тәтті шәй» тобы - бас жүлдені қанжығасына байлады. «Әулиелер» - бірінші, «Қазақша стиль» - екінші, «Ойнап айтам» үшінші орынды иеленді. «Үздік ойыншы» аталымына Қостөбе ауылдық клубының меңгерушісі Дүйсенбек Керімқұлов ие болды.

Нұрболат Сұраншиев,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 04.06.2018 15:27
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін704
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада704
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39705
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247091

Серіктестер