Онлайн газет



КҮН ТӘРТІБІНДЕ - ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Бейсенбі күні, аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі ұйымдастырылып, онда күн тәртібіне өзекті мәселелер шығарылған болатын.

Аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің төрағалығымен өткен мәжілісте аудандағы қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру екі айлығының қорытындысы туралы аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рашид Қойлыбаев баяндама жасады. Аталмыш мәселеге байланысты Көктал ауылдық округінің әкімі Бақытжан Үкібаев пен Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі Қанат Телеуовтің хабарламасы тыңдалды.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссиядағы аудан әкімдігі өкілдерінің жеке құрамы туралы» №142 қаулысына өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова баяндады. Ал, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Әбдікәрім Әбдімомынов аудан әкімдігінің кейбір қаулыларын жойылды деп тану, кәмелетке толмаған 2009 жылғы 30 қарашада туылған Бердібек Ерасыл Ерлікұлына қорғаншылық белгілеу және де ауылдық округтерге берілген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының атауын өзгерту туралы хабарлама жасаса, аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков аудан әкімдігінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Аудандық мәслихаттың «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №22-2 шешімін жүзеге асыру туралы» № 414 қаулысына өзгерістер енгізу туралы мәселені көтерді.
Мәжіліс соңында бұдан өзге де мәселелер ретімен қаралып, оның әрбіріне қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ,
"Ауыл жаңалығы".

Обновлено 04.06.2018 15:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін362
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада362
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39363
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246749

Серіктестер