Онлайн газет



Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту - баршаға тегін

Елдің әлеуетін көрсететін, бәсекеге қабілеттілігін  танытатын негізгі көрсеткіштердің бірі – сол мемлекеттегі жұмыспен қамтылған халықтың үлесі. Бағдарламаның бірінші бағыты – «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 90 адамды оқыту жоспарланып, білім бөлімінің ұйымдастыруымен қыркүйек айынан бастап көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балалары оқуға жолданатын болады. Сонымен қатар, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 341 адамды қысқа мерзімді курстарға жолдау жоспарланды. Есепті кезеңге, сәуір-маусым айларының аралығына 3 ай мерзімге автослесарь, тракторшы, аспазшы мамандықтарымен Сарыкемер ауылындағы №3 Байзақ колледжіне және Тараз қаласындағы «Бағыт-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оқу орталығына тігінші, жүргізуші, шаштараз, газэлектрдәнекерлеушісі, маникюр, массажист мамандықтары бойынша 186 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды. Бағдарлама қатысушыларына материалдық көмек және мемлекеттік қолдау мөлшері есебінен шәкіртақы, жол ақысын төлеу мен ауылдық жерлерден қатынайтындарға тұратын орнына төлем ретінде ақшалай көмектер қарастырылған. Оқуын аяқтаған азаматтарды еңбек нарығының сұранысымен жұмыс берушілердегі пайда болған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына ықпал етілетін болады.

А. СҚАҚОВ,
аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін828
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада828
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39829
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247215

Серіктестер