Онлайн газет



Ақын-сазгермен кездесті

№2 орта мектебінде «Туған елдің азаматы» тақырыбында ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатырмен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің шымылдығын мектеп директоры Г. Ерханова  ашып, тума талант иесі - Қ.Нарбатырдың жырлары келешек ұрпаққа берері мол дүние екендігін атап өтті.  Аталмыш шараны кітапханашы Сәндікүл Төлтаева мен педагог – ұйымдастырушы Жансая Уалиеваның мұрындық болуымен өткізіліп, ақынның кітаптарынан, шығармашылық ән-жырларынан көрме көпшілік назарына ұсынылды.

Тағылымы мол шараны 10-сынып оқушысы Аида Болатбекова әдемі жүргізе білді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен «Туған елдің азаматы»  тақырыбында қатысушыларға  педагог-ұйымдастырушы Жансая Уалиева ақынның балалық шағымен қатар, өмір өткелдеріне шолу жасай отырып, шығармашылығын

таныстырып өтті.
Ақынға арналған  жүздесудің ажарын ән мен кестелі жырлар аша түсті. 5,6,7-сынып оқушылары Абай Досымжанның орындауында «Ассалаумағалейкум», Аэлита Орынбай әуелете салған «Ариайдай»,  Алпысбай  Ғалымжанның орындауында  «Мен қазақпын», Балзия Қабылованың салған «Қазақ осы» әндері көпшілікті баурап алды.
Одан соң сөз алған Қасқырбай Дәрібайұлы өскен ортасы, білім алған мектебі, өлеңге деген құштарлығы мен поэзияға қойылатын талаптар турасында кеңінен әңгімелеп, оқушылардың сауалдарына бүкпесіз жауап берді.
Кездесу барысында «Жас Ұландардың» орындауында «Атамекен» әні шырқалды. Бұдан бөлек, ақынның «Құс үні», «Ауылым-сағынышым», «Ақындар», «Бәріңе алғыс», «Аға», «Тілек», «Киелі сөз», «Жаратқанға жалбарыну», «Сезімдерің көз ілмесін» атты өлеңдерін Аружан Тасболатова, Розалина Сәтбаева, Балзия Қабылова, Ұлпан Сапарова, Жібек Тоқтасын, Мадина Ділдаева, Асылай Оралова, Ғалымжан Алпысбай, Оксана Левчук, Аида Болатбекова мәнеріне келтіріп оқыды. Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің әншісі Алмахан Исабаев ақынның әндерін тамылжытып орындады.
Мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Шарипа Балғабаева шараның жоғары деңгейде өткендігін атай келіп, мұндай жүздесулер өсіп келе жатқан жастарды отансүйгіштікке, өлеңге деген құрметті  қалыптастыратындығын жеткізді.
Кездесуден мол әсер алған оқушылар ақынмен естелікке суретке түсіп, құрмет көрсетті.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 28.04.2018 10:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін542
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада542
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39543
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246929

Серіктестер