Онлайн газет



МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ

Адам өмірінде мамандық таңдаудан басқа маңызды іс жоқ. Оңы мен солын танып үлгермеген мектеп оқушылары мамандығын дәл таңдайды деп айтсақ, артық айтқандық болар еді. Сондықтан жастар мамандық таңдауда көбіне ата-аналарымен ақылдасып, бір шешімге келіп жатады. Мұндайда жастарға қандай көмек болса да артықтық етпейтіні ақиқат.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі екені белгілі. Бүгінгі күнде, мамандық таңдау мәселесі, әсіресе, нарықтық қатынасқа көшкен біздің қоғамда күрделене түскені анық.
Осы мақсатта Қосақ негізгі мектебінің 9-сынып жетекшісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мадина Қосаеваның ұйымдастыруымен "Мен таңдаған мамандық" тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағаты оқушылардың мамандық таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдауына бағытталды. Негізгі мектепті аяқтағалы отырған оқушылар өздері таңдаған кәсіптік мамандық түрлерін атап, алдыға қойған мақсаттарымен бөлісті.
Тәрбие сағаты барысында мектеп директоры Ақмарал Телеуова, "Ауыл жаңалығы" газетінің Бас редакторы міндетін атқарушы Мұхтар Манекеев, Қосақ ауылының фельдшері Бағила Смағұлова, ұстаздар мен ата-аналар жас түлектерге өздеріне ұнаған, қалаған мамандықтарын таңдауға кеңес беріп, егемен еліміздің маман иелері болуларыңа тілектерін білдіріп, оқушылардың қойған сауалдарына жауаптар берді. Сондай-ақ, мектеп психологы Сәуле Шуртанова "Мамандықтың бәрі жақсы", "Мамандық сыры" атты тренингтер ұйымдастырса, Базархан Диананың орындауындағы "Қазақ елі", Жақсылық Шынардың әуелете салған "Әке-Ана" әндері шараның көркін аша түсті. 
Мамандық… Болашағымызбен тікелей байланысты бұл ұғымның астарында терең мән жатыр. Мамандық кей жандар үшін ойға алған арманының орындалуы болса, енді біреулер үшін жаңалыққа, жаңа өмірге талпыныс, ал, үшінші біреулерге жай ғана күнкөрістің қамы ретінде көрінуі мүмкін. Шын мәнісінде мамандық таңдау - аса жауапкершілікті талап ететін маңызды іс. Мамандық таңдау барысында адам өз бойындағы жеке ерекшеліктері мен бейімділігін, қабілет-қарымы мен қызығушылығын ескеруі тиіс. Сабақ соңында "Елдің ертеңі - біздің қолымызда" деп ұрандатқан оқушылардың болашақта өздері таңдаған мамандықтың иесі боларына сенім білдіріп тарастық.

М. Абылова,
Қосақ негізгі мектебінің 8-сынып жетекшісі.

Обновлено 28.04.2018 10:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1093
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада1093
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40094
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247480

Серіктестер