Онлайн газет



Жас аналар ағаш отырғызды

Ағаш егу -игілігі мол сауапты іс. Өткен аптада қазақстандық ағаш отырғызу күніне орайластырылған  «Бір  сәби- бір ағаш» акциясы ұйымдастырылды.

Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Н.Киікбаев мектеп-гимназиясының оңтүстік беткейіне жиналған қауым алдында аудан әкімінің орынбасары Сағындық Кенжебаев сөз сөйледі. Ол Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы шеңберінде қолға алынған «Бір сәби-бір ағаш» шарасының маңыздылығына екпін салды. Өткен жылы аудан бойынша 689 тал-дарақтар отырғызылғандығын айтып,  білім ордасының солтүстік беткейінде бой көтерген «Сәбилер аллеясы» соның жарқын көрінісі екендігін атап өтті. Бұдан соң аталған округтегі ардагерлер  алқасының төрағасы Сәбит Айтбаев туған өлкені көріктендіру мен көгалдандыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шараның өзектілігіне тоқтала келіп, тұрғындарды  ауласына жеміс және декоративті ағаштар отырғызып, күтімге алуға шақырды. Жас ана Қуанышкүл Махаш болса айтулы бастаманы қолдайтындығын жеткізді.
Акция соңында жарық дүние есігін ашқан нәрестелер құрметіне 36 туя ағашы отырғызылды.

Г. Әбдіқұлова,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 26.04.2018 09:27
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1121
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада1121
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40122
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247508

Серіктестер