Онлайн газет



Түсіндірме және зерделеу жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты бағыттарын кеңінен түсіндіру және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында іс-шара ұйымдастырылып, оған «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері қатысты.

«Дін және зайырлылық» тақырыбында өткен шараны Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқарма басшысының орынбасары С.Байбатшаева ашып, тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен еліміздегі конфессияаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек, баяндамашы «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің  мұғалімдеріне әдістемелік құралдарды тиімді қолдану жолдарын түсіндірді. Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің инспекторы А.Сарсенбаев, ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы Е.Әскенұлы  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі емес діни ағымдардың зардаптары, Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқтала келе, қатысушылар тарапынан  туындаған сауалдарға тыңғылықты жауап берді.
*  *  *
Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты бірнеше орта мектептерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оны облыс әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» басшысының орынбасары Е.Жақыпов және аталмыш орталықтың жоспарлау және ұйымдастыру  бөлімінің басшысы А.Мейірбек жүргізіп, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің дәрістеріне қатысып, әдістемелік көмектерін көрсетті.
Аталмыш шаралар облыс әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

С. Арғынбаева,
аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» Дін секторының меңгерушісі.

Обновлено 19.04.2018 10:45
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1253
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7270
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32837
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203567

Серіктестер