Онлайн газет



БАЛАЛАР «БАЛДӘУРЕНДЕ» ДЕМАЛУДА

К.Шәмші,
ТарМУ-нің студенті.

Жуырда Н.Киікбаев атындағы орта мектепте «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Алдымен жиналған бүлдіршіндермен тәрбиешілер лагерьдің туына қарап

сап түзеді. Онда сөз  алған   аудан әкімдігі   білім бөлімінің әдіскері  Н.Құлмаханбетова балғын балақайларға жазғы демалыстарын қызғылықты өткізулеріне тілектестігін білдірсе, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Біржанова лагерьде балалар құрметіне барынша жағдай жасалғанын тілге тиек етті.
Мұнан соң  оқушылар ертегі қойылымдарынан көрініс көрсетіп,  сайқымазақтар  күлкілі  әңгімелер  айтып, бүлдіршіндерге шаттық сыйлады. Өз кезегінде бүлдіршіндер де ән айтып, күй тартып, жиылғандардың ризашылығына бөленді.
-“Жалпы «Балдәурен» лагері екі кезеңде жұмыс атқарады. 1-кезеңде 151 бала, 2-кезеңде 151 бала, барлығы - 302 бала 2 мезгілде ыстық  тамақпен қамтамасыз етіледі. Мұндағы демалушылар арнайы 7 топқа  бөлінген. «Достық», «Жас ұлан», «Айгөлек», «Балдырған», «Көгершін», «Қарлығаш», «Күншуақ» топтарының өз ұраны мен әні де бар. Сонымен қатар, мұнда лагерь жетекшісі, тәлімгер, әлеуметтік педагог, психолог, медбикелер жұмыс жасайды. Талапты да талантты әнші балаларымыз үшін арнайы үйірмелер ұйымдастырылған.Балалардың еркін дем алып, әрбір күнін қызғылықты етіп өткізуді-басты назарға алып отырмыз, - дейді бізбен болған әңгімесінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э. Біржанова.

Алақай, каникул!

Қ.Ақылова,
ТарМУ-нің студенті.

Міне, балалар асыға күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Жазғы демалыста балалардың бірі ауылға ата-әжелеріне барып қолғабыс жасап жатса, бірі демалыс орталықтарына демалуға барады.
Жақында Жамбыл орта мектебі жанындағы «Балдырған» сауықтыру лагерінің ашылу рәсімі болып өтті. Балаларды қорғау күніне  арналған жиын Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Лагерьдің ашылуында мектеп директоры Р. Жұмасаева  сөз алып,  демалушыларға игі тілегін жеткізді.
Бүгінгі таңда лагерьде аз қамтамасыз етілген отбасынан 50 бала демалуда. «Балдырған» лагерінің жетекшісі А. Көжекбаеваның айтуынша екі аусымда  жұмыс істейтін  сауықтыру лагерінде  100 бала демалып,  уақыттарын қызғылықты өткізуіне барынша жағдай жасалынған екен.
Аталмыш лагерьде «Қарлығаш», «Балдәурен», «Айгөлек», «Ақ көгершін» сынды топтарда   балалар  асфальтқа сурет салу, бидің бірнеше түрінен және  спорттық жарыстарға қатысып,  өздерінің бақтарын сынауда.

 

Обновлено 19.06.2013 15:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін892
mod_vvisit_counterКеше836
mod_vvisit_counterОсы аптада3184
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда10825
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2262494

Серіктестер