Онлайн газет



Наурыз бұл - қазағымның жаңа жылы!

Көктем келді бәйшешекті гүлдендіріп,
Айналаны әсем етіп түрлендіріп.
Ұлыстың ұлы күні келіп жетті,
Қуанышқа шаттық жағып үрлендіріп.

Ұлы күнде ақылменен кішірейіп,
Ұрыс-керіс,жамандықты кешірейік.
“Тас атқанға, ас ат”-дейді қазақ,
Танытайық сый-құрмет, кіші кейіп.

Наурыз бұл - қазағымның жаңа жылы,
"Жаңа күнде" айтылсын жаңа жыры.
Той-думан қып "Наурызды"өткізейік,
Бар қазақтың баласы, жанашыры.

Ұмыттық-десек дәстүрді, жатыр айып,
Бар әлемді бұл тойға шақырайық.
Еркін елдің бай дәстүрін көрсетіп,
Көк жайлауда сары қымыз сапырайық.

Е. Күнтубаев.
Еуразия Ұлттық университетінің студенті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін480
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада480
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39481
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246867

Серіктестер