Онлайн газет



Ұлыстың ұлы күні ұлықталуда

Наурыз - түбі бір түркі жұртына ғана емес, күллі шығыс елдеріне ортақ мереке. Наурызда күн ұзарып, түн қысқарады, аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Бұл айда тұрғындар бұлақтардың көзін ашып, тал-дарақтар отырғызып, наурыз көже жасап, ренжігендер бір-бірінен кешірім сұрап, көрісіп, қауышып, бір-біріне сүйіспеншілігін көрсетеді. Сондықтан, xалқымыз Наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.
Жыл он екі айда бір айналып келетін Наурыз мейрамы биыл тоғыз күн бойы, арнайы атаумен мерекеленуде.

14 наурыз – күніне «Көрісу» атауы беріліп, ауылдық округтер мен білім беру мекемелерінде ақжаулықты аналар мен қазыналы қарияларға ізет көрсетіліп, өнерпаздар  көрісу дәстүрін көрсетіп, бата-тілектер айтылды. Тұрғындарға ұлттық тағамдар ұсынылды.
15 наурыз – «Мейірім күнінде» демеушілердің қолдауымен  мүмкіндігі шектеулі балалар мен 20 отбасына қайырымдылық көмегі көрсетілді. Сонымен қатар, ауылдық округтерде тұратын жалғызілікті қарттар мен қамқорлықты қажет ететін отбасыларына азық-түлік себеттері табысталды.Барлық мектептерде  «Қара жорға» биі биленіп, наурыз көже таратылды. Ұлттық  әндер мен күйлерден, ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.
16 наурызға – «Тағзым күні» атауы берілді. Бұл күні мешіттерде ата-бабалар рухына арналып, құран бағышталды. Жастар ресурстық орталықтарының өкілдері батырлар ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етті.
17 наурызда – «Алас күні» атауымен жалпыхалықтық сенбілік өткізілді. «Аластау» ұғымы ертеректе «тазару, тазалану» деген ұғымды білдіреді. «Таза ауыл, таза көше» атауымен ұйымдастырылған сенбілік аясында арық-атыздар тазаланып, ағаштар отырғызылды, күл-қоқыстар шығарылып, дарақтар әктелді.
18 наурыз – «Наурыз-шашу» күніне орай, «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен А.Суханбаев атындағы орталық саябағында «BAUIRSAQ PARTY» жастар акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында жергілікті тұрғындарға ыстық бауырсақтармен қатар ұлттық сусындар: қымыз, шұбат, айран ұсынылды.
Наурыз-бірлікке, ынтымаққа шақыратын мереке, қайырымдылық айы болғандықтан, қоғамды мейірімді болуға үгіттейді.
19-шы наурыз – «Ынтымақ күнінде» өңірдегі төрт этномәдени орталық өкілдерінің қатысуымен «Тәуелсіздіктің басты тірегі – татулық!» дөңгелек үстел өтіп, салт-дәстүрлер насихатталды. Ел бірлігі мен ынтымағын ұлықтаған әндер шырқалды.
Мерекенің жетінші күні, 20 наурыз – «Шаттық күні» деп аталып, бұл күні аудан әкімі Р.Рахманбердиев перзентханаға барып, дүниеге келген сәбилердің аналары, сарыкемерлік Г.Садилдаева, А.Амирова және суханбайлық Э.Айболатованы Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Өз кезегінде жас аналар аудан басшысына көрсеткен құрметіне алғысын айтып, еңбегіне табыс тіледі. Сонымен қатар, аудан аумағында жүретін қоғамдық көліктер ішіне мерекелік құттықтаулар мен тілектер жазылған стикерлер ілінді.
Сегізінші күн, 21 наурыз – «Үйлесім күні» деп аталып, бұл күні «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік шаралар, үздік киіз үйлер байқауы, театрландырылған көріністер, мерекелік концерт, жастар арасында ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, жиналғандарға түрлі этномәдени орталықтардың концерттік бағдарламалары ұсынылады. Аудан әкімі тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды.
22-наурыз – «Ұлыс күнінде» орталық саябақта мерекелік концерт, 18 ауылдық округте Ұлыстың ұлы күні кеңінен аталып өтіледі.

Г. Әбдіқұлова.
Өз тілшіміз.

Обновлено 26.03.2018 11:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін930
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада930
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39931
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247317

Серіктестер