Онлайн газет



Президентпен кездескен Карина

Наурыз мерекесі қарсаңында Астана қаласында «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты семинар-тренинг ұйымдастырылып, оған Атырау және Жамбыл облысынан 56 оқушы қатысты.

«Бәсекеге қабілеттілік - ХХІ ғасырда ұлтты жаңғырту», «Тарихи жол және Қазақстанның эволюциялық дамуы», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Заманауи сана - болашаққа жол» тақырыптарындағы дәрістерді тыңдап, топпен және жеке жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі тренингтерге, практикалық жаттығулар мен пікірсайыстарға қатысқан оқушылар Елбасы кітапханасында өткен Қазақстан және Тәжікстан Президенттерінің кездесуінде Елбасы Н.Назарбаевпен бетпе-бет сұхбаттасты. Олардың қатарында Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Ян Карина да болды.
- Мемлекет басшысының сауалына жауап берер кезде  қатты толқыдым. Жанарындағы мейірім жанымды жадыратып, еркін пікір алмасуға жол ашты,-дейді Карина мақтанышпен.
Карина Ян бірнеше тілді меңгерген. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жетік сөйлейді. Облыстық орыс сыныптарындағы қазақ тілі пән олимпиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы, облыстық «Абай оқуларының» бас жүлдегері. Өткен жылы мемлекеттік тілді үйренуде жеткен жетістіктері үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. 2018 жылы облыстық пән олимпиадасында І дәрежелі Дипломмен марапатталып, Алтын медальді иемденген Карина Ян жеткен жетістіктеріне қазақ тілі пәнінің мұғалімі Найля Искакованың еңбегі ұшан-теңіз деп санайды.
Президентпен жүздескен Карина (суретте) ағымдағы жылдың 26-29 наурыз аралығында Қостанай қаласында өтетін республикалық қазақ тілі пән олимпиадасына қатысуға жолдама алып, дайындық үстінде екен. Дарынды қызымызға  сәттілік тілейміз!

Г. Әбдіқұлова.
Өз тілшіміз.

Обновлено 26.03.2018 11:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін198
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада9596
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда39199
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246585

Серіктестер