Онлайн газет



МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ХХVІ СЕССИЯСЫ

Аудан әкімдігінің мәжілістер залында алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың кезекті ХХVІ сессиясы болып өтті. №9 сайлау округінен сайланған депутат Р.Сапарбековтің төрағалығымен өткен сессияның күн тәртібіне он екі мәселе шығарылды.

Кезекті сессия күн тәртібіндегі бірінші мәселе "Ауданда бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту және оған жастарды баулу жұмыстарының атқарылу барысы" туралы аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Омаров, екінші мәселе - "Аудандық мәслихаттың «Білім беру, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі және спорт мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы" тұрақты комиссия мүшесі С.Алтаева баяндама жасаса, «Байзақ аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту жөнінде аудандық мәслихат аппаратының басшысы И.Сәлімбаевтың хабарламасы тыңдалды. Сонымен қатар, сессия барысында Суханбаев ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылының атауын өзгерту туралы аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Сыздықов хабарлама жасады. 
Өз кезегінде аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Жақыпбеков аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 желтоқсандағы «Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» №47-11 шешімінің күшін жою, аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 қаңтардағы «Байзақ ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» №15-5 шешімінің күшін жою және аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 17 мамырдағы «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» №2-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудан әкімінің орынбасары Д.Сұлтанбеков аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 29 наурыздағы «Ауылдық елдімекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» № 12 – 7 шешіміне өзгерістер енгізу мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің, мемлекеттік сорт сынау учаскесінің әрқайсысы бойынша ауыл шарушылығы өсімдіктерінің түрлері бойынша тұқымның сапасына зерттеулер жүргізу, санын айқындау комиссиясының құрамы туралы хабарламалары тыңдалды. Сондай-ақ, аудандық мәслихат аппаратының басшысы И.Сәлімбаев аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерін бақылаудан алу мәселесін, ал, аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Ақбаев аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 29 наурыздағы «Байзақ ауданы әкімдігінің дербес құрамы туралы» № 12 – 14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасады.
Сессияның күн тәртібіне шығарылған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.
Талқылауға түскен мәселелерге қатысты сөз алған аудан әкімі Р.Рахманбердиев сессия қатысушыларына қосымша түсінік беріп, толықтыра түсті.
Кезекті мәслихат сессиясының жұмысына мәслихат хатшысы Н.Тлепов, аудан әкімінің орынбасарлары, депутаттар, мекеме, ұжым басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысының соңында аудандық мәслихаттың кезекті ХХVІІ сессиясының төрағалығына №10 сайлау округінен депутат А.Жәмішжанов сайланды.

Б. ЖАҚСЫМБЕТОВ.
Өз тілшіміз.

Обновлено 26.03.2018 11:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін200
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада9598
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда39201
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246587

Серіктестер