Онлайн газет



Мың бұралған бишілер

Наурыз мерекесі қарсаңында, аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының мәдени іс-шара жөніндегі бөлім меңгерушісі Гүлмира Бармешованың ұйымдастыруымен Н. Ақшабаев орта мектебінде аудандық «Ақ шағала» би байқауы өткізілді.

Оқушыларды мектеп қабырғасынан бастап, өзара бауырмалдыққа тәрбиелеу, ұжымдаса іс атқаруға бейімдеу, би өнерінің құдіреттілігін сезіну арқылы патриоттық сезімін ояту басты мақсаты болып табылатын жарысқа барлығы тоғыз би тобы қатысып, өзара сынға түсті.
Кіл мықтылар заманауи және ұлттық билерді мың бұрала билеген бишілер сайысынан жеңімпазды анықтау оңайға соқпады. Әділқазылар шешімімен, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Шашбаулым» би тобы бірінші орынды қанжығаларына байлап, облыстық жарысқа жолдама алса, байқауда белсенділік танытқан балалар мен жасөспірімдер орталығының «Айгөлек» би тобы, Н.Киікбаев мектеп-гимназиясының «Балауса», Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының «Шолпы», Бурыл орта мектебінің «Балдаурен» би топтары қалған орындарды бөлісті.
Өз тілшіміз.

Обновлено 26.03.2018 11:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін838
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада838
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39839
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247225

Серіктестер