Онлайн газет



ҮНДЕУ КӨПШІЛІККЕ ҮМІТ СЫЙЛАДЫ

Елбасының Парламент Палаталарының бірлескен отырысында жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі көпшілікке үміт сыйлады.
Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет құру үшін, әлеуметтік модернизация керек. Ұлттық жаңару қажет. Бұл – әрбір адамның сапалы тамақ ішуге, демалуға мүмкіндігі, тұрмыс жағдайының жақсы болуы, үйінің болуы, дұрыс медициналық қызмет көрсетілуі, отбасын, материалдық әл-ауқатын толық қамтамасыз ететін жалақысының болуы. Әлеуметтік модернизация дегеніміз – осы. Мемлекет басшысының үндеуі де әлеуметтік дамудың негізі болып саналады.
«Жолдаудағы бес бастаманың  ішіндегі  бір мәселе – адам факторы мен адам капиталы. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің көпшілігінде осы мәселеге аса назар аударылады. Яғни, білімді азаматтар, сапалы мамандар дайындау. Осы орайда біз де ұлттық қасиеттерімізді дамыта отырып, халқымыздың сапасын арттыруымыз керек. Бұған қоса, жас ұрпақтың еңбекке деген көзқарасын өзгерту де басты мақсатымыз болуға тиіс.
Сонымен қатар, еліміздің экономикасы мен азаматтары дамуға жаңа қарқын алуда. «Жылдық мөлшерлемесі 7% – бастапқы жарнасы 20% – несие мерзімі 25 жыл» деген айқын формула бойынша әр отбасы баспаналы болуға мүмкіндік алатын алғашқы бастама миллиондаған  қазақстандықтарға тұрғын үй алуға жаңа қолжетімді мүмкіндік туғызады.
Мұндай несиелеу шарттары еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет ұсынылып отыр. Бұл экономиканың өсуіне, орта және шағын бизнестің жандануына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына жәрдемдеседі.
Елдің игілігіне арналған ұтымды, оптимистік жобаның орындалуына қадам жасауға дайынбыз.  Міндеттерді үлкен істерге ұластыра білейік. Осы тұрғыдан сот саласы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қорғауға белсене атсалысады.

Е. Тилеубеков.
Аудандық соттың төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін35
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1224
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40225
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247611

Серіктестер