Онлайн газет



АҚПАРАТТЫҚ ТОП АУДАНЫМЫЗДА

Елбасы Жолдауын аудан тұрғындарына насихаттау, түсіндіру мақсатында облыс, аудандық ақпараттық топ құрылғаны белгілі. Осы ақпараттық топ мүшелері аудан аумағындағы ауылдық округтерде болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізуде.

Облыстық ақпараттық топ жетекшісі Жамбыл облысы мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Еркебаев, аудан әкімдігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бөлімше басшысы Қанат Данебаев Жалғызтөбе ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуді ауылдық округ әкімі Қанат Телеуов ашып, жүргізіп отырды. Жиын барысында облыстық ақпараттық топ жетекшісі Н.Еркебаев  Елбасы Жолдауындағы он міндетті жеке-жеке атап отырып, тиімді мемлекеттік басқару және жемқорлықпен күрес, заңның үстемдігі жайына тоқталды. Озық дамыған отыз елдің қатарына кіруге мақсат қойылса, соның ішінде “100 нақты қадам-Ұлт жоспары” жүзеге асырылып отырғандығын айтты. Рухани жаңғыру бойынша қоғамдық сана мен мәдениетті жаңғырту бағдарламасын ілгерілетуге, оның тұжырымдамалық негіздері туралы негізгі бөлімдері жөнінде баяндап берді.
Өз кезегінде сөз алған Қанат Қыдырәліұлы аудан бойынша әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге, мемлекеттік  бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жайында түсінік берді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жер кезегінде тұрғандардың тізімі мен балабақшаға кезекке қою тізімінің әкімшілік ғимаратында ілініп тұруы, білім саласы бойынша ата-аналар тарапынан ақша жинауды болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы айтып өтті.
Жетібай ауылының тұрғыны, Жамбыл орта мектебінің мұғалімі Т.Атаев Жолдауда қойылып отырған тапсырмалардың орындалуы жүзеге асады деп сенім білдіре отырып, өз  ризашылығын көпшілік атынан білдірді.

А. ЖУМАДИЛОВА.
Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1262
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7279
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32846
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203576

Серіктестер