Онлайн газет



Жүрек жылуын сыйлады

Еліміздің болашағы жас ұрпақ қолында. Сондықтан да еліміздің тізгінін ұстап, жеріміздің байлығын, тарихымыз бен мәдениетіміздің асыл мұрасын қастерлеп, ұлтымыздың лайықты перзенті бола алатын ұрпақ тәрбиелеу аға ұрпақтың басты міндеті. Сонымен қатар, жастарға жан-жақты қамқорлық көрсетіп, мейірім шуағын, жүрек жылуын сыйлау да үлкен мәнге ие.
Осынау аталы сөзді іспен ұлықтауды парыз санаған Аймантөбе ауылындағы Берікқара орта мектебінің әлеуметтік педагогтарының мұрындық болуымен «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.
Ізгілікті шара аясында қайырымдылық жәрмеңкелері өткізіліп, түскен қаржыға әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсетілді. Нақтырақ айтсақ, тоғыз мың теңгеге 3 оқушыға оқу құралдары, үш мың теңгеге үйде оқытылатын С.Дандібаевқа жылы киім, он мың теңгеге азық-түлік алынып берілді.
Халқымызда «Кең болсаң, кем болмайсың» - деген даналық сөз бар. Адамның жанына қуат беріп, көңілін қуанышқа бөлейтін мейірімділігіміз бен қайырымдылығымыз әркез молая берсін.

Б. Омарова.
Әлеуметтік педагог.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1566
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7583
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33150
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203880

Серіктестер