Онлайн газет



Жан жылуын сездірді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай ауылындағы «Айгөлек» балалар бақшасында «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш шараны бақша меңгерушісі  И.Абдикулова ашып, қамқорлықтың маңызын сөз ете отырып, жүрек жылуын бүлдіршіндерге сездіріп отырғандарға алғысын жеткізді. Бұдан соң психолог А.Сагинбаева «Рухани жаңғыру-өскелең ұрпақтың дара жолы»  тақырыбында баяндама жасап, бақша ұжымының  бес  жылда  жеткен  жетістіктері слайд арқылы көрсетілді.

Алғаш рет өткізіліп отырған акцияға қатысушылар «Ботақан» және «Қарлығаш»  топтарының  өнерін тамашалады. Тәрбиеленушілер Т.Амантай «Мен қазақтың қызымын» әнін, Т.Көпболсын «Солдат болам мен ертең» әндерін шырқады. Төлжан, Мейірім, Жанерке, Айзере «Домбыра», бүлдіршіндер «Саңырауқұлақ», «Ботақан» тобы «Чарлстон» билерін әдемі орындап шықты. Қайырымдылық туралы тақпақтар жатқа оқылды.
Акцияға мекеме басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері мен кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары үлестерін қосты. Жұмсақ ойыншықтарды тарту еткендер де болды. Ақ жаулықты аналар өнерлі балғындарға ризашылығын білдіріп, батасын берді. Қайырымдылық  шарасының соңында түскен қаражат қолдауды қажет ететін балаларға қыстық киім алуға ұйғарым жасалды.

А. Сагинбаева.
Психолог.

Обновлено 11.12.2017 11:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1167
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада1167
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40168
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247554

Серіктестер