Онлайн газет



Үлестерін қосуға уағдаласты

Өткен аптада Сарыкемер мектеп гимназиясындағы жобалық кеңседе аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев азаматтық сектор өкілдерімен кездесті.

«Рухани жаңғыру - ұлттың жаңғыруы» тақырыбында өткен жүздесу барысында аудан басшысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының алты бағыты мен негізгі міндеттеріне қысқаша тоқталды.
«Рухани жаңғыру» бойынша аудан аумағында қолға алынған тірліктерді баяндаған Рахматілдә Сегізбайұлы латын әліпбиіне көшудің қажеттілік екендігін, бұл істе асығыстыққа жол бермеудің маңызына екпін салды. Жалпыұлттық патриотизм қағидаттарына негізделген «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде өңірде қолға алынған 541 млн. теңгенің маңызды жобаларын тарқатып айтты. Атап айтқанда, «Қазақстанның 100 киелі жерлері» арнайы жобасының тізіміне енген «Байзақ баба» кесенесінің төңірегін абаттандыру, ауданның 80 жылдығына орай, стелла орнату, Талас өзені жағасынан көпшілік демалатын саябақ жасау, сәбилер аллеясының негізі қаланған К.Орынқұлов көшесінен саяжолдар салу, К.Орынқұлов және Ж.Дидарбеков көшелерін көріктендіру, А.Суханбаев атындағы  саябаққа су бұрқақ орнату сынды жұмыстарды атқару үшін  қаржылай қолдау қажеттігін алға тартты. Туған жерін түлетуге үндейтін «Ауылым-алтын бесігім» атты аудандық форумды қолдаған  азаматтардың  көрсеткен қолдауларын елге насихаттап, игі шаралардың санын еселеуге ықпал жасау қажеттігін баса айтты.
Сонымен қатар, аудан басшысы өз сөзінде осы өңірдің тумасы, Олимпиада  чемпионы Жақсылық  Үшкемпіров 150 млн. теңгеге спорт  кешенін салып беруге ұйғарым жасағандығын, ал, кәсіпкер Л.Жабатаева  22 млн. теңге тұратын сауықтыру орталығын, Жібек жолы ауылынан 100 орындық балабақша салып жатқандығын, А.Суханбаев атындағы саябаққа балалар ойын алаңшасын орнатып беруді міндетіне алғандығын айтты. Кәсіпкер Т.Шертаев Бурыл ауылына 4,5 млн. теңгеге жасанды футбол алаңшасын салуды қолға алғандығын, халық қалаулысы  Қызыл жұлдыз ауылына спорт алаңшасын салып  бергендігін атап өтті. Жомарт жүректі азаматтардың  жасаған игі істерін қолдауға шақырды.
Өңірде «Байзақ Сенім» қайырымдылық қоры жұмыс жасап жатқандығын тілге тиек еткен аудан басшысы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы шеңберінде  атқарылған шаруаларды назардан тыс қалдырмады. Ауыл және мал шаруашылығындағы жетістіктер, әлеуметтік саладағы оң өзгерістер, әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмысы турасында да кеңінен ақпарат берілді.
Байыпты басқосуға қатысушылар жарқын жобаларға қатысты ой өрбітіп, маңызды ұсыныстарын ортаға салды. «Ақбұлақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Рақышева туған жерді  көріктендіруге бағытталған жобаларды қолдауға шақырды. Өзі басшылық ететін бірлестіктің жұмысынан азды-кем ақпарат бере отырып, ауылды көркейту-маңызды екендігін жеткізді.
Аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес және қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ж.Құмғанбаев аумақты көріктендіру үшін аудан орталығындағы сақталып қалған арық-атыздардың көзін ашып, ағын сумен қамту жайын қозғады. Орыс және түрік этномәдени орталықтарының жетекшілері Л.Горр және М.Раджамов елді мекендер мен көшелерге есімі берілген тұғырлы тұлғалардың еңбегін жас буындарға насихаттауға мән беру жағын көтерді. «Айтқұл-Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Мамытқұлұлы Елбасы мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру – әр азаматқа сын екендігін айтты.
Кездесуді қорытқан аудан басшысы Р.Рахманбердиев  болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарды іске асыруға азаматтық сектор өкілдерінің белсенділік таныту мүмкіндігінің мол екендігін жеткізді.

Б. Жақсымбетов.
Өз тілшіміз.

Обновлено 06.12.2017 11:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін512
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада512
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39513
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246899

Серіктестер