Онлайн газет



Мереке қарсаңындағы қос қуаныш

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Сарыкемер және Сарыбарақ ауылдарының тұрғындары қуанышқа кенелді. Аудан орталығынан 120 орындық жекеменшік балалар бақшасы, Сарыбарақ негізгі мектеп жанынан 25 орындық шағын орталық пайдалануға берілді.

Жиналған қауымды шағын орталықтың ашылуымен аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев құттықтады. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға мемлекет үлкен көңіл бөліп отырғандығын, аудан бойынша 3 пен 5 жастағы балаларды бақшамен қамту 88,7 пайызды құрағандығын айтты. Жекеменшік бақша санының өсіп келе жатқандығын, жергілікті бюджеттен бөлінген 9 млн. теңгеге жөндеуден өтіп, Тұңғыш Президент күні қарсаңында бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан орталықтың жұмысына табыс тіледі. Ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы М.Садырқұлов, қазыналы қария А.Төлепбергенов бүлдіршіндердің осындай заман талабына сай орталықта тәрбие алуына жағдай жасаған қамқорлығы үшін Елбасының, аудан басшысының атына алғыс сезімін білдірді.
Орталықтың алқызыл лентасы қиылып, шашу шашылған соң, кішкене бүлдіршіндер  ағаларына деген алғыстарын тақпақтарымен, мың бұралған билерімен жеткізді.
Ауыл тұрғындары, байырғы ұстаз Б.Байбекова мен Б.Адамбаева пайдалануға берілген «Қызғалдақ» атты шағын орталыққа немерелерін алып келгендігін, олардың үш тілде білім алатындығына қуанышты екендіктерін де жасырмады.
Жаңа үлгідегі жиһазбен жабдықталған жарық бөлмелер жарқырап тұр. Енді, жиырма бес бүлдіршін күні бойы шағын орталықта алаңсыз ойын ойнап, білім алатын болады.
*   *   *
Осы күні аудан орталығында 120 орындық «Амина-Нұрай» жекеменшік балалар бақшасының лентасы қиылды.
Шарада  аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  К.Беспаев құттықтау сөз сөйлеп, ата-аналар мен балаларға қуаныш сыйлап отырған кәсіпкердің жұмысына сәттілік  тіледі. Ата-аналар атынан сөз алған Д.Тілепбергенова жаңадан ашылған бақшаға немересін алып келгендігін, жас өскіндерге барлық жағдай жасалғандығын айтып, жүрекжарды лебізін білдірді.


Бақшаның ашылу салтанатынан соң, көпшілік топ бөлмелерін аралап көрді.  Бүлдіршіндер тақпақтарын айтып, үлкендердің батасын алды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» жобасының кіші бағдарламасы негізінде жеке кәсіпкер Мауекүл Әлімқұлова өзінің екіқабатты үйін бақшаға лайықтапты. Заман талабына сай безендірілген, әдемі жиһаздармен жабдықталған бақшаның іші мен сыртына бейнебақылау орнатылған. Ауладағы ойын құралдары ұлттық нақышта жасалынған.
Қысқаша мәлімет: Қазіргі таңда ауданымызда 32 балабақша (оның 5-і жекеменшік) және  7 шағын орталықта 7 жасқа дейінгі 3756 бала тәрбиеленуде.

Г. Әбдіқұлова.
Өз тілшіміз.

Обновлено 04.12.2017 11:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін527
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада527
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39528
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246914

Серіктестер