Онлайн газет



Ұлтының кемеңгері

Еліміз 2012 жылдан бері Президент күнін кеңінен мерекелеп келеді.
Бұл мереке мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған Елбасының сіңірген еңбегіне құрмет көрсететін күн.

Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланды.
Міне, содан бергі 26 жылға жуық уақыттың  ішінде Мемлекет басшысының сындарлы саясаты мен қажырлы еңбегінің арқасында қазақ елі әлемге танылды. Экономикамыз өркендеп, халықтың әл-ауқаты артты.Елді қорғауға қабілетті Қарулы Күштер құрылды. Қазақстан өзінің мемлекеттік шекарасын заңдық тұрғыдан ресімдеді. Ұлттық валюта дүниеге келді. Еліміз іргелі елдерге төрағалық етті.Астана қаласы бой көтерді.
Бүгінде еліміз дамудың даңғылына түсе отырып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан орын алуды мақсат етіп отыр. Бұған Елбасының бастамасымен қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары өз үлесін қосатындығы ақиқат.
Елбасын халқымыз құрметтейді, мақтан тұтады. Өйткені Тұңғыш Президентіміз қазақ елін әлемге танытты. Бүгінгі таңда Қазақстан кемел ел, ынтымағы жарасқан мемлекетке айналды.

А. Тасканбаева.
Аудандық әділет басқармасының бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін779
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада779
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39780
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247166

Серіктестер