Онлайн газет



ӨЗІНДІК ОРНЫ БАР КҮН

13 қараша – халықаралық зағиптар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1992 жылдан бері аталып өтетін бұл күннің олар үшін өзіндік орны бар. Тағдыр соқпағымен маңдайына жазылған қиындыққа мойымай, жігерлі қасиетімен алға қадам басқан олардың қоғамның толыққанды бір мүшесі екенін сезінуі өзіне қайрат қосары сөзсіз. Халықаралық зағиптар күні әлемнің көптеген елдерінде қоғамның назарын көздері көрмейтін, нашар көретін жандарға аудартуды, олардың өмірін жақсартуды мақсат еткен түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Зағиптар күнінің сексен жылдық мерекесіне орай, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырған іс-шарада аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев құттықтау сөз сөйледі. Сағындық Жұмағұлұлы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде аудандағы мүгедектерге "Инватакси" қызметі көрсетілетінін, оның ішінде отыз бесі көз ауруы мүгедектері екенін, "Дос-Тараз" қоғамдық бірлестігі арқылы отыз алты зағип жанға жеке көмекші, ымдау тілі маманы қызметін қажет ететін мүмкіндігі шектелуі он сегіз адамға қызмет көрсетіліп отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ, облыстық медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімімен ашылған жеке оңалту бағдарламалары негізінде көз ауруына шалдыққан жиырма тоғыз азаматтан тифлотехникалық құралдар алуға өтініш түскен. Бүгінде осы өтініштерге сәйкес, үш оқу машинасы, жеті тифлотаяқ, бір ұялы телефон және бес дана сағат беріліпті.
Аталмыш мерекеге орай, аудан әкімінің Грамотасымен аудандық зағиптар қоғамының төрағасы Е.Мукамбетов, аудан әкімінің Алғыс хатымен А.Қатанбаев және А.Қалменов марапатталды. Марапаттау рәсімін аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев пен аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Саққұлова жүргізіп, бір топ зағиптарға сый-сияпаттар табыс етті. Өз кезегінде зағиптар қоғамының төрағасы Е.Мукамбетов ризашылығын білдірген соң, іс-шара қатысушылары өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салды.

М. МАНЕКЕЕВ.
Өз тілшіміз.

Обновлено 04.12.2017 10:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін397
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1586
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40587
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247973

Серіктестер