Онлайн газет



Үндеу

Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің  1938 жылы 4 ақпандағы қаулысымен Мирзоян (қазіргі Жамбыл) ауданының құрамынан бөлініп шыққан Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданының қарамағында 42 ұсақ ұжымшар, 1 кеншар, 2 МТС-і бар аудан құрылды.
Жаңадан ғана экономикасын қалыптастыру, нығайту жолына түскен ауданның еңбеккерлері 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Сол бір қаһарлы жылдары ауданнан 3237 ер азамат қолына қару алып, ұрыс даласына аттанды. Олар барлық майдандарда шайқаста жүріп ерліктерімен танылды.
Солардың ішінен жерлесіміз Ақәділ Суханбаевқа Польша жерінде жасаған теңдессіз ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры жоғарғы атағы берілді. Ал тылда «Бәрі майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен еңбек көрігін қыздырғандардың небір өнегелі істері республикаға танылды.
Ауданда соғыс және одан кейінгі жылдардағы 27 аудан еңбеккерлерінің егіншіліктегі еселі табыстары еленіп Социалистік Еңбек Ері  жоғарғы атағын алып, омырауларына «Алтын жұлдыз» тақты.
Ауданда егіншілікпен қатар мал шаруашылығы да өркендеді. 1973 жылы осы саладағы еселі табыстары үшін ауданға ҚКП Орталық Комитетінің, КСРО Министрлер Кеңесінің, БКОО-ның және ҚЛКЖО Орталық Комитетінің Ескерткіш Қызыл Туы мен бірінші орынға ақшалай сыйлығы тапсырылған.
«Халықтың игі дәстүрі - біздің ең асыл мұрамыз» деген Бауыржан Момышұлы. Мұның еңбекте ерлік өнегесін танытқандарға да қатысы бар.
Ауданда ел мақтанышына айналғандар қатары үнемі толығып отырды. Айталық, 1980 жылы Мәскеу олимпиадасында топ жарған Жақсылық Үшкемпіров алтын медаль жеңіп алып, Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. 
Аудан халқы, сондай-ақ Атлант және Сидней Олимпиадаларының күміс жүлдегері Болат Жұмәділов, Советтер Одағының, Европаның, Әлем біріншіліктерінің жүлдегері Алмас Мұсабековті  де туған жерінің атын алысқа танытқандар ретінде орынды мақтан тұтады.
Тәуелсіздік жылдары да алдыңғы толқын аға, апаларымыздың еңбек дәстүрлерін жалғастыра отырып аудан экономикасының әлеуетін арттыруда, жетекші сала – ауыл шаруашылығын дамыту да  оң үрдістерге қол жетті. Еліміздің  өзге өңірлеріндегідей өтпелі кезеңнің қиындықтарын еңсере білді.
Ел тілегі ескеріліп, 1995 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ауданға өз заманының айтулы тұлғасы, ұлт-азаттық күресінің көсемі болған Байзақ батыр бабамыздың есімі беріліп, тарихи әділеттілік салтанат құрды.
Батыр бабамыздың атын алғалы бері де атқарылған айқын мақсатты жұмыстардың нәтижесінде ауданның экономикалық әлеуеті артты.
«Елдің елден артықтығы – бірлігі, ердің ерден артықтығы - тірлігі» демекші, отыздан астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп, ынтымақтаса еңбек етіп жатқан өңір халқының саны өсіп, бүгінде 100 мың адамға жетті. Халқы өскен ел құдіретті. Осы орайда «Ел ерлерімен танылады, өнерімен теңеседі, ұрпағымен жалғасады» деген киелі сөзді ескерсек, бұл сөз киелі топырағынан Еңбек Ерлерімен қатар, ел басқаруда, ғылымда, мәдениетте, өнерде, спортта іргелі табыстармен танымал талай тұлғалар шыққан Байзақ ауданының азаматтарына айтылғандай. Осындай терең тарихы бар Байзақ ауданының құрылғанына келесі жылы, 2018 жылдың 4 ақпанында 80 жыл болады. Тойды абыроймен өткізу әрбір аудан азаматына үлкен сын.
Қандайда бір іс-шараны қаражатсыз өткізу мүмкін емес. Сондықтан ауданның ардагерлер ұйымы, этномәдени орталықтардың мүшелері, қоғамдық кеңестің мүшелері аудан азаматтарын, кәсіпкерлерді, барлық саладағы қызметкерлерін ауданның 80 жылдық торқалы тойын абыроймен өткізу мақсатында қаржылай көмек беруге атсалысуға шақырады.

Аудандық ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес, ауданның этномәдени орталықтары.

Үндеу аудандық ардагерлер кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітілді. Қаржылай көмек беремін деген азаматтар «Сенім Байзақ» қорына қаржы аударуларына болады.
Реквизиттері: «Сенім Байзақ» қоғамдық қайырымдылық қоры, БИН 030640008844, АО “Народный Банк Казахстана”, KZ616010161000021496, HSBKKZKX, Кбе 18.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін184
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1373
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40374
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247760

Серіктестер