Онлайн газет



Татулық- басты байлық

Бірлік пен татулық-басты байлық. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы - жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласындағы ел дамуының кепілі бірлік пен  қоғамдық келісім екендігі баса айтылған.
Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясы шеңберінде Н.Гоголь орта мектебінде «Күшіміз бірлікте атты акция ұйымдастырды.
Акция барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Абдрахман Зайнутдинов Елбасы  Жолдауының басым бағыттары мен «Рухани жаңғырудың» басты міндеттеріне жан-жақты тоқталды, этносаралық бірлік пен татулықтың маңызына екпін салды. Көпұлтты еліміздің татулығын сақтау, тәуелсіздікті тұғырлы етуге  шақырды.
Татулықты ұлықтаған шарада  өзге ұлт өкілдерінің ұл-қыздары ән мен биден шашу шашты. Өнерімен дараланған оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.

Т. Абит.
Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Обновлено 04.12.2017 10:26
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін183
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1372
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40373
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247759

Серіктестер