Онлайн газет



Пилоттық жоба қолданыста

Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Қаржы министрлігі мен  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қол қойған бірлескен бұйрық бойынша, 2017 жылдың 15 тамызынан бастап «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы енгізіліп отыр. Ондағы мақсаты -қылмыстық процеске цифрлық технологияларды енгізу, ашықтығын арттыру, қылмыстық процестің мерзімдерін қысқарту, қағазбастылық шығындарын, күдіктіні сотқа жеткізу шығындарын оңтайландыру.
Облыс бойынша «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын жүзеге асыру Байзақ аудандық сотына және қалалық № 2 сотына жүктелген.  Пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініштері бойынша күдікті сотқа айдауыл арқылы жеткізілмей, уақытша ұстау абақтысынан бейне конференц байланыс арқылы сот отырысын өткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сот отырысын бейне конференц байланыс арқылы өткізу барысында күдіктінің қорғаушысы уақытша ұстау абақтысында күдіктінің жанында отырып, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сот процесіне қатысуы қажет. 
Бүгінгі күнге «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасы бойынша Байзақ аудандық сотымен барлығы төрт материал қаралған.
Пилоттық жоба сот тәжірибесінде оң нәтиже беріп, болашақта қылмыстық заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, толыққанды қолданысқа енгізіледі деген сенімдеміз.

А. Назаркулов.
Аудандық соттың тергеу судьясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін188
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1377
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40378
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247764

Серіктестер