Онлайн газет



Дау мұраты - бітім

Азаматтарды татулыққа шақырудың түрлі жолдары ел заңдарымен нақтыланып, азаматтық процестік кодексте де татуластыру институтына баса мән берілді. Мәселен, судьялар өндірісіне қабылдап алған істерде тараптарға қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, дауды бітімгершілікпен шешудің рәсімдерін жан-жақты түсіндіреді. Тәжірибеде байқағанымыздай, біреулері тек сотпен шешкісі келсе, екіншілері сот медиациясына немесе медиаторлар көмегіне жүгінгенді жөн санайды. ҚР Азаматтық процестік кодексіне татуластыру рәсімдері арнайы тарау болып енгізілді. Татуластыру рәсімдерінің ішінде істі тараптардың өзара келісімімен, яғни бітімгершілікпен, медиация арқылы, партисипативтік тәсілмен аяқтау шаралары бар. Азаматтық істер бойынша судья медиатор бола алады. Бір ескерерлігі медиация арқылы барлық іс шешілмейді, оның өз санаты бар. Мемлекеттік органдарға қатысты істер медиацияға жатпайды. Тек қана жеке тұлға мен заңды тұлға арасындағы мәселелер қаралады. Сот медиациясымен қатар, заңға енген жаңа тәсіл-партисипативтік рәсім, іске асу тәртібі азаматтық процестік кодекстің 181-бабында нақтыланған. Заңда көрсетілгендей, партисипативтік рәсімде екі тарап адвокаттарына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Партисипативтік рәсім дегеніміз судьяның қатысуынсыз тараптардың өз адвокаттарымен бірге дау-дамайды екіжақты тиімді шешуге бағытталған келіссөздер процесі. «Дау мұраты-бітім» деп  бабаларымыз айтқандай, тараптар яғни азаматтар бір-бірімен медиация арқылы татуласса нұр үстіне нұр болар еді.

С. Умралиев.
Аудандық соттың судьясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін115
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1304
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40305
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247691

Серіктестер