Онлайн газет



Дәстүрлі емес діни ағымдардың зардаптары

Аудандық прокуратура мен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, Ы.Алтынсарин және Түймекент орта мектептерінде «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға кері әсері» тақырыбында  кездесу өтті.
Кездесуге білім ошақтарының мұғалімдері, ата-аналар, ауыл жастары мен оқушылар қатысты.

Алқалы жиынды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің Дін проблемаларын талдау секторының  меңгерушісі С.Арғынбаева ашып, өңірдегі діни ахуалға тоқтала келе, зайырлылық қағидаларын жүзеге асырудың маңызын сөз етті. Дәстүрлі емес діни ағымдардың зардаптарын тарқатып айтты. Бұдан соң сөз алған облыс әкімдігі  Дін проблемаларын зерттеу орталығының дінтанушы маманы А.Мейірбек  діннің қоғамдағы рөлін  әңгімеледі. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерін сақтау, ел бірлігін нығайту мен алда тұрған міндеттерді іске асыру қажеттігіне баса мән берді. Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерге құрмет көрсетіліп келе жатқандығын, ал қоғамға, мемлекетке, адамзатқа кері  әсер ететін  дәстүрлі емес діни ағымдардың зардаптары мол екендігін назардан тыс қалдырмады.Аудандық прокуратураның аға прокуроры Б.Бекболат  күн тәртібіне шығарылған мәселе туралы қысқаша ақпарат беріп, қосымша сұрақтарға жауаптар берді.

Г. Әбдіқұлова.
Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін546
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада546
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40736
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248122

Серіктестер