Онлайн газет



Жастар жаңғыру жолын таңдайды

Өткен сенбіде облысымыздың барлық аудандарында бір мезгілде “Рухани жаңғыру” атты жастар акциясы бастау алды. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға жастарды жұмылдыруды көздеген аталмыш шара орталық алаңда аталып өтті.

Акцияның салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Иманова, ауданның Құрметті азаматы, ақын-сазгер Қ.Нарбатыр, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы "Жас Отан" жастар қанатының бөлімше басшысы Ә.Мырзабеков сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына, мақсат-міндеттеріне тоқталды. Сонымен қатар, жалпы мемлекетіміздің жалынды жастарын біріктіріп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын халыққа жеткізіп, үлестерін қосуға шақырды.


Шара аясында жеті күн бойы аудан орталығы мен ауылдық округтерде білім, асар, тағзым, өнер бағыттары бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады. Тарқатып айтсақ, «Білім» бағытында – Елбасы мақаласы мен еліміздің тарихы туралы сұрақтар қойылып, дебаттар өткізілсе, «Асар» – мұқтаж жандарға, зейнеткерлерге, егде жастағы жалғызбасты қарияларға, сондай-ақ балалар үйіне көмек қолын созу, балалар алаңдарын жөндеу сияқты қайырымды істі бастайды. «Тағзым» дегеніміз – көпшілік жүретін орындарды, мәселен, су арналарын тазарту және көшені абаттандыру, ағаш отырғызу сияқты игі істерге шақырса, ал, «Өнер» бағыты аясында барлық өңірлерде мәдениет өкілдерінің қатысуымен жастар фестивалі өтпек.
Акция соңында жастар флэш-моб билеп, жалынды сөздер айтты.

М. Шалғынбай.
Өз тілшіміз.

Обновлено 20.09.2017 15:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1169
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7186
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32753
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203483

Серіктестер