Онлайн газет



Әлеуметтік құбылыспен күрес

Президент 2014 жылдың 26 желтоқсанында бекіткен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез -келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Аудандық әділет басқармасында жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы мамандардың қатысуымен құқықтық оқулар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып отырады. Басқарма қызметкерлері өз функционалдық міндеттерін атқаруы бойынша әр тоқсан сайын есеп береді. Сонымен қатар мекемеде арыз-шағымдар мен ұсыныс-пікірлер салуға арналған жәшіктер орналасқан. Сенім телефоны жұмыс жасайды.
«Жемқорлық - жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады» - деп Елбасы айтқандай, кереғар кеселдерге «мүлдем төзбеушілік» көзқарасын қалыптастыру арқылы оны біржолата жоюға болады деп ойлаймын.

А. Тасканбаева.
Аудандық әділет басқармасының бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1082
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7099
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32666
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203396

Серіктестер