Онлайн газет



Құқық бұзушылыққа жол жоқ

Ауылдық округте құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамассыз ету мақсатында жергілікті полиция қызметі өкілдерімен бірлесіп, аудандық ведомоствоаралық  комиссия отырысында көтерілген мәселелер төңірегінде кездесулер ұйымдастырылып,   өңірлердегі құқық бұзушылықтың алдын алып, құқық қорғау органдарының жұмыстарын үйлестіру және криминогендік жағдайды түзеп, жүзеге асыру іс-шаралары қабылданған.
Көтерілген мәселелерге байланысты ауыл жастарының мәдени, спорттық, қоғамдық шараларға қатысуын қамтамасыз етуді күшейту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мәдени спорттық шаралар өткізу, спорт секциялары  мен   көркемөнерпаздар  үйірмелерін  көптеп  ашып,  тәртіп  бұзуға  бейім балаларды тарту үшін мектеп инспекторлары, мәдени ошақ қызметкерлері, мектеп әкімшілігі қызметкерлеріне тапсырмалар беріліп, жұмыстар жүргізілуде.
Құқықтық тәртіпті нығайту үшін ауыл тұрғындары мен жастарды еңбекпен қамтып, ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту, жастарды  «Жастар тәжірибесінен» өткізу және олардың  кәсіби даярлаудан өтуіне ықпал жасалынуда.
Бүгінгі күнге АІІБ-де есепте тұрған жасөспірімдер жоқ, мектепішілік  есепте тұрған 4 бала бар. Жасөспірімдерге мектеп тарапынан тәлімгерлер мен  қоғамдық тәрбиешілер бекітілген. Мектеп тарапынан жайсыз және аз қамтылған жағдайы нашар отбасында, сондай-ақ есепте тұрған жасөспірімдердің мектеп демалысы кезеңінде сауықтыру және еңбекпен қамту шаралары ұйымдастырылған.
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары бойынша ауылдық округтегі көптеген қоғамдық орындар мен жастардың көп шоғырланатын орындарын учаскелік полиция инспекторлары, ауыл әкімішілігі, ауылдық ақсақалдар құрамы мүшелерінен  бірлескен топ үнемі бақылауға алып, рейдтер жүргізіп тұрады.
Округ көлемінде орын алған ұсақ-түйек құқық бұзушылықтар мен қылмыстар ауылдық округі жанынан құрылған ардагерлер алқа кеңесінде қаралып, өз ара келістіріліп, шешімін тауып жатады.
Сондай ақ қылмыстардың жолын кесу үшін Байзақ ауылының кіре берісіне бейнебақылау камераларын орнату үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінен түсетін қаражаттан 1 893 300  теңге қаржы қарастырылды.
Ауылдық округте Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Көпбосынов Серік Аденұлы  жұмыс істейді.

Т. Байдилдаева.
Ботамойнақ ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін60
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6077
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31644
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202374

Серіктестер