Онлайн газет



«Шеберлікке шек жоқ»

осындай тақырыппен Түймекент орта мектебінде  директордың әдістемелік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ұ.Керимкулованың ұйытқы болуымен даму пәндерінің он күндігі ұйымдастырылды.

Шараның ашылу салтанатында мектеп директоры М.Уразбаев сөз сөйлеп, он саусағынан өнер тамған  жеткіншектердің өнерін ұштауға ықпал ететін  онкүндіктің маңызына тоқталды. «Шеберлікке шек жоқ» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, онда оқушылардың  моншақтан жасалған бұйымдарымен қатар, әр түрлі тоқыма бұйымдар  қойылды. Әсіресе, 7 «а» және 6 «в» сыныптарының оқушылары А.Құттыбаева, З.Ерсейіт,  8 «ә» сыныптың оқушысы Б.Жандосқызы, 8 «а»  және 8 «ә» сыныбының оқушылары А.Жайсан мен Н.Әбжапарованың туындылары  айшықтығымен дараланды.Ұлттық өнерді дәріптейтін өлең-жырлар оқылып, әндер шырқалды.
Сонымен қатар, онкүндік барысында пән мұғалімдері К.Киркимбаева, Ж.Дүйсенбаев, Б.Мұхаммадиев, А.Сырлыбаева, С.Оразов, З.Жумадилова, Қ.Мамырбаев, Ғ.Мырзамбетова, Ж.Каримбеков ашық сабақтар өткізсе, 5-7 сынып оқушылары арасында Б. Алишеваның басшылығымен ән байқауы ұйымдастырылды. Ұстаздар К.Киркимбаева мен А.Сырлыбаева қолөнер және сурет өнері бойынша өткізген байқаудың жүлдегерлерін марапаттады.
Өнер додасында 1 және 6-сынып оқушылары қатысқан сурет көрмесінде 4 «а», «б», «г», 5 «б», 6 «а», «б» сыныптарының оқушылары Н.Берік, С.Тулебаев, Р.Нұралы, Қ.Карсаков, С.Бижанова, Ұ.Нұрлыбаева, С.Ембергенов, М.Сердалы, Ә.Жарасұлы, С.Босқанованың туындылары көпшілікті тәнті етті.

А. Сырлыбаева.
Ұстаз.

Обновлено 17.05.2017 15:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін369
mod_vvisit_counterКеше1164
mod_vvisit_counterОсы аптада369
mod_vvisit_counterӨткен аптада12416
mod_vvisit_counterОсы айда29415
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2281084

Серіктестер