Онлайн газет



Ерлікті әспеттеді

Ел басына күн туған шақта ер-азаматтар қолына қару алып, бүгінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін күресті. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен аталарымыздың бүгінде ерлік істерін жалғастырған қазақстандық сарбаздарға жүктелген міндет ауқымды.

Түймекент ауылдық округіне қарасты «Қарлығаш» бала бақшасында тәрбиеші Света Абдакимованың  ұйымдастыруымен «Отан оттан да ыстық» атты тақырыпта өткен ертеңгілікте ІІ кіші «Еркетай» тобының бүлдіршіндері ән мен биден шашу шашты.
Бүлдіршіндер мемлекеттік Гимнді орындаған соң, бақша меңгерушісі А.Нұрғалиева сөз алып, туған жерге деген құрмет бала кезден бастау алатындығын, Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс мерекесінің  өсіп келе жатқан  өскіндерді Отанды, елді сүюге ерлікке, батыл болуға тәрбиелейтіндігін айтты. Әдіскер Р.Надирбекова да үлкенге құрмет көрсетудің маңызы турасында сөз қозғады. Тәрбиешілер И.Испулова мен К.Бақбергенова шараның балаларға беретін тағылымы туралы ойларымен бөлісті.
Ертеңгілік барысында музыка жетекшісі Ж.Айтуғановтың сүйемелдеуімен балалар Отан, туған жер, Жеңіс, Бауыржан батыр, шығыстың қос шынары Мәншүк пен Әлия  туралы әндерді әуеле шырқады. Қыздар «Смуглянка», ұлдар «Сарбаздар» биін билесе, А.Балпанқұл, Н.Жексенбай, К.Қабыл, А.Жайлаубек, А.Марат, Г.Мырзағали сынды өрендер  кестелі жырларды төгілтіп оқыды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 17.05.2017 15:04
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін441
mod_vvisit_counterКеше1164
mod_vvisit_counterОсы аптада441
mod_vvisit_counterӨткен аптада12416
mod_vvisit_counterОсы айда29487
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2281156

Серіктестер