Онлайн газет



ӨРКЕНДІ ІСТЕР - ЕЛ ЕРТЕҢІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл бағытта елімізде көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Өткен жылы Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңы қабылданғаны белгілі. Мұның өзі аталмыш саланы әртараптандыруға, ұсақ агроқұрылымдарды ірілендіруге жаңа серпін беруде. Ұсақ қожалықтардың кооперативтерге бірігуі қаржыландыру мәселесіндегі көп түйткілдің шешімін тауып, нәтижесінде іріленген шаруашылық құрылымдары мемлекет тарапынан бөлінетін субсидияларға
қол жеткізбек.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша сүт қабылдау пункттерінің желісін және бордақылау алаңдарын құру арқылы ауыл шаруашылық кооперативтерін дамыту ұсынылуда. Осы мақсатта, өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов келді.
Алдымен "Әулие Ата Феникс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесуден басталған сапарда А.Мырзахметов 130 адамды жұмыспен қамтып отырған, жылына үш жарым мың тонна құс етін өндіретін серіктестіктің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында мемлекеттік қолдауды айқын сезінген кәсіпорынның жұмыс барысы туралы серіктестік жетекшісі Фарида Жүнісова баяндап берді.
Кезекті сапар Қостөбе ауылдық округіндегі сүт бағытын дамыту мақсатында 22 қосалқы шаруашылықтың бірігу нәтижесінде құрылған "Талас-16" ауыл шаруашылығы кооперативінде жалғасты. Аталмыш кооператив "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ы арқылы 94 миллион теңге қаржы алған. Үкімет басшысының орынбасары "Талас-16" кооперативінің жетекшісі Джават Чушкуновтан жұмыс барысын сұрады. Кооператив басшысы да, "Агали" шаруа қожалығының басшысы Наби Агалиев те сауын сиыр санын көбейтуге қаражат көздері қарастырылса деген ұсыныстарын жеткізді. Осы тұста А.Мырзахметов кооператив құрудағы негізгі мақсатты тарата талдап, түсіндіріп берді. Өз кезегінде облыс әкімі К.Көкірекбаев Асқар Исабекұлының сөзіне қолдау білдіріп, өңірде бүгінде әр ауылда сүт қабылдау пункттерін ашу көзделіп отырғанын, нәтижесінде 42 сүт қабылдау пункттері ашылғанын жеткізді.
Бұдан соң вице-Премьер-Министр "Талап" шаруа қожалығының қызылша алқабында  болды. Қожалық басшысы Маут Фазулов өзінің тәтті түбір өсірудегі тәжірибесімен бөлісті.   
Аудан көлемінде қолға алынған игілікті істерге ризашылық танытқан Премьер-Министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бұдан кейін облыс орталығы Тараз қаласына жүріп кетті.
Жұмыс сапары барысында ауданымызда болған министрмен облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтер бірге жүрді.

М. Шалғынбай.
Өз тілшіміз.

Обновлено 15.05.2017 17:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін318
mod_vvisit_counterКеше1164
mod_vvisit_counterОсы аптада1482
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда29364
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2281033

Серіктестер