Онлайн газет



Бағытымыз айқын

Экономикамызды жаңғыртып, елімізді  дамытуда  кәсіптік білім беретін оқу орындарында даярланатын жұмысшы кадрларының алатын орны бөлек. Елбасының Жолдауында қойылып отырған талапқа сай білім беру сапасын дамытуда жаңа стратегиялық мақсат-бағдар айқындалды. Сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы  «Білімнің салтанат құруы» бөлімінде таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кететіндігі,  жүрісі жылдам дәуірде  бүгінгі жаңа атаулы,ертең-ақ ескіге айналатындығы, кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдардың табысқа жететіндігі айтылған.
Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сұраныс тудыратын  мамандықты игеріп, отбасын асырып, елге пайдасын  тигізудің мәні зор.Бұл ретте  мектепті жаңадан бітіріп жатқан жастар кәсіптік  мамандықтарды игеруге барып жатса, жұмыссыз қалмайтын болады.
2017 жылдың 1 шілдесіне бастап, жалпыға бірдей тегін кәсіптік техникалық білім беру ісі жүзеге асырылады. Демек  мектеп бітірген және жоғары оқу орындарына түсе алмаған түлектер еліміздегі жұмыссыздар санын арттыра бермей, тегін жұмысшы мамандығын игеріп жатса, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік хал-ахуалын дамытуға өз үлесін қосатын болады. Сондықтан  Елбасының биылғы Жолдауы мен  мақаласын терең  ой елегінен өткізген жастар  мамандықтың бәрі де қадірлі екендігін ұғынады деп сенемін.

Ү. Қашағанов.
Аудандық статистика басқармасының жетекші маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін288
mod_vvisit_counterКеше1164
mod_vvisit_counterОсы аптада1452
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда29334
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2281003

Серіктестер