Онлайн газет



Қоғам тазалығына - қылмыс жат

Үстіміздегі жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасында құқықтық тәртіпті нығайту және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткен болатын. Осы отырыстың шешіміне сәйкес, ұрлықтың алдын алу мақсатында ҚР Бас прокуратураның, Ішкі істер және ауыл шаруашылығы министрліктерінің қызметкерлерінен құралған  ведомстволық жұмыс тобы бүгінде Жамбыл облысында жұмыс жасауда. Осы топтың мүшелері жақында ауданымызда болып, жиын өткізді.

Алқалы жиында сөз кезегін алған  ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау академиясының жетекші-ғылым маманы Нұртай Иманғалиев ҚР Бас прокуратурасының ұйытқы болуымен облыс аумағында өтіп жатқан «Ұрлыққа-тосқауыл» атты жобаның маңызын әңгімеледі.
-Топ мүшелері облыс және аудан белсенділерімен, ҚАЖД-нің жеке құрамымен, автотұрақтар мен базарларда, күзет ұйымдарында кездесулер ұйымдастырды. Онда «Қалта ұрлығы», қайтаналатын ұрлықтар, сондай-ақ,  пәтер ұрлығы секілді қылмыстық әрекеттерге жауапкершілікті қатаңдату туралы ұсыныстар айтылды. Мәселен, Меркі ауданының мал базарында өткізілген  жедел іс-шарада 246 бас  ауыл шаруашылық жануарларын құжатсыз тасымалдаған 30 автокөлік құрықталып, полиция бөліміне жеткізілді.Жалпы топ мүшелері мал базарларында заңбұзушылықтардың көптеп орын алғандығын анықтады- дей отырып, Нұртай Қонысбайұлы мал, пәтер ұрлығымен қатар қоғамдық орындарда болып тұратын қалта ұрлықтармен бірлесіп күресуге шақырды. Одан соң сөз алған аудан прокуроры Б.Телеу мал  ұрлығының алдын алу мақсатында ауылдық округтерде кездесулер ұйымдастырылып, тұрғындармен түсінік жұмыстары жүргізілгендігін, елді мекендердің кіреберісі мен шыға берісіне бейнебақылау орнату қажеттігін алдыға тартты. Бұдан бөлек, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция  капитаны А.Дәуренбеков  үстіміздегі жылдың төрт айында аудан аумағында орын алған қылмыстарға талдау жасады. Тегістік, Кеңес, Мәдімар, Түймекент, Жаңатұрмыс ауылдарында малды қараусыз жіберу оқиғалары жиі орын алатындығын, ауылдарда жұмыс жасап жатқан ерікті жасақшылар, атты патрульдің қарымды тірлігін тілге тиек етті. ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Б.Садыков өз сөзінде малды тіркеу, сатылымға шығарар кезде тіркеуден шығару, қараусыз малды жайылымға жібермеу, оңай олжа тапқысы келетін ұрыларды басылым беттеріне жариялау, бірдейлендіру жұмысын жандандыру, анықталған қылмыстарды талдау, ұрлыққа тосқауыл қою үшін шетелдік тәжірибені қолдану, қылмыстық және әкімшілік Кодекстерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілетіндігі турасын әңгімеледі.
Жиында аудан әкімдігі ветеринария бөлімінің басшысы Л.Тойбеков, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Сқақов, Дихан ауылдық округінің және Көктал ауылының әкімдері Қ.Исмайл мен Б.Үкібаев күн тәртібіндегі мәселеге қатысты ойларын ортаға салды.

Г. Әбдіқұлова.
Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін288
mod_vvisit_counterКеше1164
mod_vvisit_counterОсы аптада1452
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда29334
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2281003

Серіктестер