Онлайн газет



Күшіміз - бірлікте

Қанат  Макулбекова.
Аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон қызметінің жетекші маманы.

Еліміз тәуелсіздіктің 25 жылында халықаралық аренада үлкен беделге ие болып, әлеуметтік-экономикалық салада маңызды табыстарға қол жеткізді. Елбасы  биылғы Жолдауын еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттігіне арнады. Қазақстанның жаңғыруын үш кезеңге бөліп қарастыра отырып, бірінші жаңғырудың Қазақстанның дербес мемлекет болып құрылған кезеңіне, екінші жаңғырудың «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануы мен Елордамыз Астананың салынуына орайлас келгеніне назар аударды.
Мемлекет басшысы үшінші жаңғыруға аяқ басқан еліміз алдында тұрған бес басымдықты алдыға тарта отырып, бұл жолғы жаңғырудың жарқын болашаққа бастайтынын және  «100 нақты қадам» Ұлт жоспары арқылы жүзеге асатынын мәлімдеді.
Жолдауда Қазақстанды мекендейтін ұлттардың бірлікте, ынтымақта бейбіт қатар өмір сүруінің басты кепілі-достықта,татулықта екендігін Елбасы баса айтты. 
Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында 1995 жылғы1наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Маңызды институт-елімізді мекен ететін этнос өкілдерінің ана тілі мен мәдениетінің, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының өркендеуіне, халықтар достығын нығайтуға сүбелі үлес қосып  келеді.
Бүгінде Қазақстан ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Қазақ жерін мекен еткен 130-дан астам этнос өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешуде. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір ұлттар қазақ елінің  игілігі жолында еңбектенуде. Аудан аумағында тұрып жатқан  отыздан астам ұлт өкілдері  де елдегі бірлікті нығайтып, ынтымағы жарасқан  қазақ елінің берекесін арттыруға өз үлестерін қосуда.
Біздің күшіміз-бірлікте. Берекелі  іске ұйыстырған бірлік пен ырысқа бастаған ынтымақ салтанат құрған жерде алынбайтын асу болмайды. Елбасының Жолдауынан тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай өркендеуі елдің ертеңгі жаңаруы бойынша міндеттер бірлігіміздің арқасында  жүзеге асатын болады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін727
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада727
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40917
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248303

Серіктестер