Онлайн газет



АТАДАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН...

Көктем келісімен халқымыз ауласын тазалап, гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арығы мен каналдарының көзін ашып, күл-қоқыстарды жинап, реттейді. Яғни, тұнық суын ішіп, ауасын жұтып, қасиетті топырағын басып жүрген әрбір азамат ауыл тазалығына өзіндік үлесін қосып отыруды-азаматтық парызы санаған.

Осындай айтулы шараның бірі - аудан әкімі Р.Рахманбердиевтің бастамасымен “Ауылыма тарту” атты сенбілікте көрініс тапты. Бұл күні жасыл шыршалар А.Суханбаев атындағы орталық саябаққа отырғызылды.
«Ауылыма тарту» бастамасын аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер мен мемлекеттік мекеме және құрылымдар басшылары, аудан белсенділері біркісідей қолдап, нәтижесінде орталықтағы саябаққа “Тянь-Шань” шыршасы егілді. Әр шыршаға арнайы белгі ілінді.

*   *   *
Игілікті істен аудан жастары да шет қалмады. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Астананың 10 жылдығы” атындағы саябақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» ұранымен акция өтті. №3 Байзақ колледжі білімгерлерінің флэшмобымен ашылған аталмыш акцияда аудан әкімі Р.Рахманбердиев жастық жігері тасыған жастарға арнап сөз сөйледі.
-”Жүз жылдық өміріңді ойласаң, ағаш отырғыз” деп аталарымыз айтқандай, еліміздің түкпір-түкпірінде ағаш көшеттерін егу акциясы ұйымдастырылуда. Осыған  орай,  «Мәңгілік Ел-Жасыл Ел» акциясы шеңберінде өңірімізде тал-дарақтардың көшетін отырғызу шарасы қолға алынып отыр. Жасыл желек-ауыл көркі. Аталмыш шараға аудан халқын белсенділік танытуға шақырамын,  -деді аудан басшысы.
Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі С.Ермеков, жастар ресурстық орталығының аға инспекторы Ж.Айтуғанов жүрекжарды тілектерін арнаса, аудан әкімі бастап, мекеме басшылары және ардагерлер, жастар мен колледж білімгерлері көшеттер екті.

Н. Сүгірбеков.
Өз тілшіміз.

Обновлено 12.04.2017 15:59
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін641
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада641
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40831
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248217

Серіктестер