Онлайн газет



Мерген атанды

Тараз қаласында облыстық ардагерлер кеңесінің және облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен республикалық ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл және Жеңістің 72 жылдығына арналған ардагерлер арасында спартакиада ұйымдастырылды.«Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен додаға Тараз қаласының және 10 ауданнан 11 команда қатысып, спорттың 6 түрінен-шахмат пен дойбы, тоғызқұмалақ пен асық атудан, бильярд пен үстел теннисінен, барлығы 121 ардагер спортшы сынға түсті.
Айтулы шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев сөз сөйлеп, саламатты өмір салтын қалыстастыру мен насихаттауға және жастарды өнегелі өмірге тәрбиелеуде аға ұрпақтың тағылымды істеріне ризашылығын білдіріп,  командаларға ақ жол тіледі.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған ардагерлердің спорт  сайысында тоғызқұмалақтан ерлер арасында байзақтық Сыпатай Төребеков, шахматтан әйелдер арасында  Елена Деревянко топ жарды.Ұлттық ойын-асық атудан топ жарған мергендер арасында ұйымдастырылған бәсекеде Бәйтерек ауылдық округі ардагерлер  алқасының  төрағасы Сәбит  Айтбаев топ жарды. Арақашықтығы алты метр жердегі асықты бірден дөп тигізіп, «асық атудың нағыз мергені»  атанған Сәбит ағамыз қарсыластарын шаң қаптырып, ауданымыздың мәртебесін биіктетіп, жүлделі оралды.
Аудан аумағындағы өтетін барлық іс-шаралар  мен  қоғамдық істердің көшбасында  жүретін жігерлі де белсенді ағамызға мықты денсаулық, аудан абыройын  асқақтата беріңіз демекпіз.

Ө. Иманбеков.
Ө. Шамполов.
Ардагерлер.

Обновлено 12.04.2017 15:55
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін221
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1410
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40411
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247797

Серіктестер