Онлайн газет



Өзге тілдің, бәрін біл...

Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Үш тілдің кеңістігі» мәдени жобасын кезең-кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Елбасы өз сөзінде: «Қазақстан халқы бүкіл әлемге үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»  деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 4 желтоқсанындағы №126 Жарлығымен бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, үштұғырлы тіл саясатын дамыту бөліміне «ағылшын» және «үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесі» деген индикатор қосылды. Соның нәтижесінде, тұрғындардың мемлекеттік тілмен қатар, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейіне мән беріле бастады.
Осы орайда, аудандар мен Тараз қаласында биылдан бастап үш тілді меңгерген әртүрлі сала өкілдері бас қосып, тәжірбие алмасып, әңгімелесу үшін «Тілдік алаң» құрылып, жұмыс істей бастады.  Оның мақсаты – тіл білетін азаматтарды ынталандыру, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Аталған шараның алғашқы отырысы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясында өтті. Онда аудандағы үш тілді меңгерген түрлі сала өкілдері, мектеп мұғалімдері, оқушылар мен мекеме қызметкерлері кездесіп, бір-бірімен пікір алмасты. Жиынға қатысушылар ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде өз ойларын айтып, білімдерін шыңдады. Отырысты Жамбыл облыстық тілдерді оқыту орталығының модераторлары, ағылшын тілінің мұғалімдері К.Акилова мен А.Сейітқадырова жүргізіп отырды. Кездесуде «тіл алаңына» жиналғандар мұндай шараның маңызы зор екендігін айтып, әр ай сайын бас қосып тұруға уағдаласты.

Ж. Төлеушова.
Тілдерді оқыту орталығының Байзақ аудандық бөлімшесінің оқытушысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін539
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада539
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40729
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248115

Серіктестер