Онлайн газет



Болашаққа батыл қадам

Сарыкемер ауылындағы «Балапан» мемлекеттік жекеменшік әріптестігі балабақшасында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын  талқыға салған дөңгелек үстел өткізілді.
Жолдаудағы негізгі басым бағыттарға байланысты балабақша әдіскері А.Орманова баяндама жасағаннан кейін, сөзге шыққан ауданның Құрметі азаматы Минаш Баянова жылдың басты құжатында халық тұрмысын жақсартуға, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, білім мен денсаулық салаларын қолдауға айрықша мән берілгенін айтты. 
Балабақша меңгерушісі А.Қилыбаева Жолдаудағы «Цифрлы Қазақстан», ауыл мектептері мен қала мектептерінің арасындағы айырмашылықтарды сәйкестендіру, үш тілді білім беру мәселелеріне кеңінен түсінік беріп, балабақшадағы оқу қызметі, ойын әрекеттері, тәрбие жұмыстары жайында әңгімеледі.
Тақырып төңірегінде өз ойымен ата-аналар атынан Ж.Джиринбаева бөлісті. Ол өз сөзінде ел Президентінің жүргізіп отырған салиқалы саясатына көңілі толатындығын, жастардың болашағына жасалып жатқан қамқорлықтарға ризашылығын білдіріп, балабақша ұжымына алғысын айтты.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін287
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6304
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31871
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202601

Серіктестер