Онлайн газет



Ақпараттық керуен - ауданымызда

Ел Президентің биылғы Жолдауында жастар мәселесі назардан тыс қалмаған. Ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелеу, оларға сапалы білім беру – құжаттағы басты бағыттардың бірі саналады. Міне, сондықтан да ел жастары Елбасы Жолдауына – жаңғырудың жаңа кезеңі деп қарап, жарқын істерге жұмылу үстінде.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын жастар арасында түсіндіру мақсатында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы бастаған түрлі сала мамандары аудандарды аралауға шыққан еді. Ақпараттық автокеруен Байзақ жеріне де келді.
Автокеруеншілер алдымен аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде аудан жастарымен жүздесті. Іс-шараны «Жастар ресурстық орталығының» директоры Б.Қадырбек ашқаннан кейін, мінбеге көтерілген облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтен ауданға келудегі негізгі мақсаттарын түсіндіріп өтіп, Елбасы Жолдауында жастар мәселесі бей-жай қалмағанын, әсіресе, білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті дамыту салаларындағы  жаңашылдықтар ерекше жігерлендіретіндігін сөз етсе, аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев жылдың басты құжатындағы басымдықтарға жеке-жеке тоқталып, ондағы міндеттерді орындауда біріге еңбек етуге, белсенділік танытуға шақырды.
Мұнан соң мәдениет үйінің фойесінде  «консультациялық алаң» жұмыс жүргізді. Бұл жерде облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім, ауыл шаруашылығы, дін істері, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармалары мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, прокуратура, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Тұрғын үй құрылыс жинақ  банкі», әділет департаментінің қызметкерлері жастардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауаптар беріп, өз кеңестерін ұсынды.

А.Шотбасова.
Өз тілшіміз.

Обновлено 28.02.2017 09:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1100
mod_vvisit_counterКеше1743
mod_vvisit_counterОсы аптада2843
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда20922
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2228308

Серіктестер