Онлайн газет



Есірткімен күрес - ортақ міндет

Қазіргі таңда біздің қоғамымыз үшін қасіреті мол дерттердің бірі ретінде нашақорлықты атап өтуге болады және нашақорлық бар жерде есірткі бизнесі қатар жүретіні белгілі. Нашақорлық жеке бір тұлғаның тән саулығына қауіп төндіретін зат ретінде ғана емес, тұтастай мемлекеттік қауіпсіздік саласындағы басты проблемалардың біріне айналды.

Бүгінгі күні аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында бірқатар шаралар қабылданып, іске асырылып жатыр. Оның ішінде, жастарды бос уақытта спортпен шұғылдануға тарту жұмыстары ұдайы атқарылып келеді. 2016 жылы жалпы салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, бөлімнің ұйымдастыруымен 186 спорттық іс-шара өткізілсе (аудан бойынша 500-ге жуық), оның басым көпшілігі нақ осы кеселге қарсы күрес бойынша іс-шаралар болып табылады. Атап айтқанда, «Спорт – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен аудандық жастар спартакиадасы, «Әкем, анашым және мен спортшымыз отбасымызбен» атты отбасылық ойындары, 7 сәуір - Денсаулық күніне арналған көпшілік спорттық ойындар мен кроссфит, стрит воркаут, стритбол сияқты барлық тұрғындарға қолжетімді спорттық жарыстар, дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған аудандық кросс тұрғындарды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту жұмыстарында үлкен рөл атқарды десек те болады.
Нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес-ғаламдық мәселе. Сондықтан да, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы барынша жариялы түрде және жүйелі көзқарасты қолдану жолымен белсенді күрес жүргізу қажет. Біздің ортақ міндетіміз-есірткісіз болашақ құру. Осы мақсатта біз әрбір үй, көше, аула, әрбір оқушы мен студент үшін күресуіміз керек. Біз елімізді нашақорлықтан тазарту үшін ұмтылуымыз қажет.

Ә.ОМАРОВ.
Аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1635
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7652
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33219
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203949

Серіктестер