Онлайн газет



Өзекті мәселені қаузады

Дін – жалпыадамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі. Ол қоршаған ортаны, төрткүл дүниені танып - білудің, оны рухани меңгерудің пәрменді құралы. Қазіргі әлемдік жаһандану үрдісінде  адамзат  діни  экстремизммен бетпе-бет келіп, оның алдын алудың бірден бір жолы-діни сауаттылықты көтеру болып табылатындығын сезінуде.«Жастар діни экстремизмге, терроризмге жол жоқ!» тақырыбында өткен семинарда осы мәселе көтерілді.

Ауданның мемлекеттік архивінде ұйымдастырылған жиынды мекеменің директоры М.Еркебуланова ашып, жүргізіп отырды.
Алдымен мекеме архивисі Н.Жамишжанов елімізде дінаралық келісімді нығайту бағытында қолға алынған жұмыстармен қатар жат ағымдардың іс-әрекеті жайында қысқаша баяндама жасады.Аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Н.Қарақұлов, ішкі істер бөлімінің ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Т.Нұрғалиқызы терроризмнің қауіп-қатері туралы ойларымен бөлісті.«Байзақ баба» мешітінің наиб имамы А.Каримбаев экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік берді. Экстремизмнің қоғамға тигізетін зиянын, жастардың діни сауаттылығын көтеру арқылы теріс ағымдарға тосқауыл қоюға болатындығын баяндады. Мемлекет басшысының Жолдауы қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаһандық технологиялық өзгерістерге қисынды жауап болып табылатындығы жөнінде ойларымен бөлісті.
Семинарды қорытқан М.Құлтайқызы  осындай келелі жиынның жастарға беретін пайдасы мол екендігін айтып, ел бірлігін сақтау, тәуелсіздікті тұғырлы етудің маңыздылығын атап өтті.

Г. Әбдіқұлова.
Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін765
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада765
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40955
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248341

Серіктестер