Онлайн газет



Әуелеген ән байқауы

Аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығында өткен «Өнерге қанат қаққандар» ән байқауының өзгешелігі сол, онда топпен орындаушылар бақ сынады. Дүбірлі додаға аудандағы қосымша білім беру орталықтарынан «Үкілі домбыра» ансамблі мен «Екі жұлдыз», «Жарқыра» «Әсем-ай» дуэттері, «Лашын», «Жалын» квартеттері қатысты.
Қатысушыларға мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың директоры Шариякүл Кашкинова сәттілік тілегеннен кейін, топтар өнерлерін ортаға салды.
Байқаудың басты шарттары бойынша олар халық әндерін, Қазақстан және шет ел композиторларының әндерін, патриоттық әндерді айтып, жарысты. Әділқазылар мен көрермендер халық әндері «Туған жер», «Әридай-ай», «Еркем-ай»,  «Угайым-ай», «Айқаракөз»,  «Ал құрбым», патриоттық әндер «Алға Қазақстан», «Қазақ елі», тағы басқа  әндерді тыңдап, айрықша әсер алды және бағасын берді.
Нәтижесінде, байқаудың бас жүлдесін аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілерінен құралған «Жалын» тобы иемденсе, І орынды «Лашын», ІІ орынды «Үкілі домбыра», ІІІ орынды «Әсем-ай» топтары өзара бөлісті. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаған мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың көркем эстетикалық бөлімінің меңгерушісі Қ.Боханова жас таланттарды тауып, қолдау білдіруде мұндай байқаулардың маңызы зор екендігін айтып, өсіп келе жатқан өнерлі жастарға жарқын болашақ тіледі. Жарыс жеңімпаздары ендігі жерде облыстық додада өнер көрсететін болады.

А.Шотбасова.
Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін215
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1404
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40405
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247791

Серіктестер