Онлайн газет



ЖАҢАРУ МЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖЕМІСТЕРІ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Кеше әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Дулат Сұлтанбеков аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты аудан тұрғындары алдында қорытынды есептік кездесу өткізді. Есептік кездесуге облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке қатысты.
Д.Сұлтанбеков өткен жылы тындырылған толағай істер мен қол жеткен табыстар туралы кеңінен баяндап, сонымен бірге, осы жылға жоспарланған ауқымды жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі әңгімеледі. Алдағы уақытта атқарылатын маңызды істер Елбасы Жолдауында айтылған бағыттар бойынша жүзеге асырылатынын жеткізді.

Биылғы жыл барша қазақстандықтар үшін тарихи оқиғаларға ұласып, бірлігі мен ынтымағы жарасқан жас мемлекетіміз өзінің қарқынды дамуға бағыт алуында жаңа кезеңге аяқ басты. Д.Сұлтанбеков Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы кемел келешекке белгіленген маңызды істерді  қолдайтынын атап өтті.
– Бүгінгі есептік кездесу Елбасының биылғы Жолдауын талқылау кезеңінде өтуде. Маңызды құжатта мемлекет ішіндегі әлеуметтік бағытты дамытуға  баса назар аударылған. Еліміздегі жеделдетілген экономикалық жаңғыртулар – отандық өнімдердің әлемдік деңгейдегі сұранысқа ие болып, Қазақстанның қуатты мемлекетке айналуының кепілі. Ең бастысы - біз Жолдау арқылы алдымызға айқын мақсаттар мен міндеттер қойып, нақты шараларды белгіледік. Биылғы Жолдаудан бастау алған Елбасы тапсырмалары алдымыздағы міндеттерімізді айқындап, жігер берері сөзсіз. Бүгін, міне, Сіздермен бірге жалпы аймақта атқарылған жұмыстарды жүйелеп, өткен жылды қорытындылап отырмыз, - деді баяндамашы.


Қысқа қайырғанда, Д.Сұлтанбеков өз баяндамасында өнеркәсіп саласы, мал шаруашылығы, өсім көрсеткіші, ветеринариялық жұмыстар, өсімдік шаруашылығы, одан алынған өнім көлемі, тамшылатып суару жүйесін енгізу барысы, жылыжай өнімдері, “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық”, “Ырыс”, “Жайылымдарды суландыру”, «Бизнестің жол картасы-2020», «Үдемелі-индустриялды инновациялық даму», «Өңірлерді дамыту», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», “Нұрлы жол” сынды мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, бюджеттен бөлінген субсидиялар, арзандатылған жанар-жағар май, шағын және орта кәсіпкерлік, бөлшек және көтерме сауда айналымы, мүлікті жария ету, инвестиция және жоспарланған құрылыс нысандары, тұрғын үй мен автомобиль жолдары, газдандыру, таза ауыз су, аудандық бюджеттің кірісі мен шығысы, салық түсімдері, еңбек нарығы, әлеуметтік төлемдер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларындағы жетістіктер, ҰБТ көрсеткіштері, оқушылар тасымалдау, ыстық тамақпен қамту, мектепке дейінгі тәрбие, балабақша мен шағын орталық ашуға 2020 жылға болжам, ұлтаралық қатынас, діни бірлестіктер, қылмыспен күрес және  жергілікті полиция қызметі туралы жан-жақты тоқталып, слайд арқылы баяндап берді. 
Сөзін қорыта келе, Дулат Әбенұлы ауыл тұрғындарын бірлікке, ынтымаққа, Елбасы қойған міндеттерді орындауда аянбай еңбек етуге үндеді.
Баяндамадан соң Сарыкемер ауылының тұрғыны, ауданның Құрметті азаматы Ж.Құмғанбаев, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сағынбеков, жекеменшік «Еңлік» балабақшасының меңгерушісі Н.Зәуірбаевалар жарыссөзге шықты.
Есептік кездесу барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Жанке Тимур аймақта жыл бойына атқарылған жұмыстарға шолу жасап, алда әлі де асар асулар мен асыл мұраттар күтіп тұрғанын айтты. Жыл сайын жаңару мен жасампаздыққа бет алған еліміз үшін биылғы жылдың маңызы одан әрі арта бермек. Өркениетке қарыштаған еліміз әлемдік деңгейдегі белестерді бағындырып, бейбіт өмір сүрудің үлгісін жасап отырғанына тоқталған Т.Жанке аудан тұрғындарын ел Президенті Н.Назарбаевтың ағымдағы жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жауапкершілікпен атқаруға шақырды.

М.Манекеев.
Өз тілшіміз.

Обновлено 13.02.2017 11:04
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін608
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада608
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40798
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248184

Серіктестер