Онлайн газет



Чехия озат технологияларын ұсынады


Чехия Республикасы Парламенті депутаттарының делегациясы  ЭКСПО-2017 нысандары мен ұйымдастыру кеңсесін көріп шықты. Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО -2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов  Чехия Депутаттар Палатасының Төрағасы Ян Гамачекпен кездесті.
Кездесу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты сұрақтарды талқылады. Ахметжан Есімов, өз кезегінде, бүгінгі күні 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйымдар көрмеге қатысатындығын ресми растап, павильондарды беру ауқымы белсенді жүріп жатқанын атап өтті. Соның ішінде, 18 мемлекет өз павильондарын алып, тақырыптық безендіруге кірісті.
Ян Гамачек жаңа қуат көздерін қолдайтын мемлекет ретінде Чехия үшін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу маңызды екенін айтты. «Чехия делегациясының сапары ЭКСПО көрмесін тамашалаумен тәмамдалуы, чехтардың көрмеге қаншалықты мән беретіндігін аңғартса керек. Әсіресе, көрме тақырыбы қызықты. Көрмеге дайындық барысымен танысып шықтық, оның ең жоғарғы деңгейде өтуіне сенімдіміз»,- деп атап өтті Чехия мемлекеті Парламент депутаттар Палатасының Төрағасы. 
Сонымен қатар, Ян Гамачек көрменің ашылуына Чехия Президенті қатысатындығын айтты.

Обновлено 13.02.2017 11:01
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін305
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1494
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40495
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247881

Серіктестер